Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
 
 
 
 
 
 
 
3-сурет. Автомобильдің негізгі бөлшектерінің , оның механизмдері мен бөлшектерінің 
орналасуы:
1- басқарылатын доңғалақ, 2- алдынғы асқыш, 3-ілінісуі, 4-беріліс қорабы, 5-карданды 
беріліс, 6- басты беріліс, 7- дифференциал ,8- артқы асқыш, 9- жетекші доңғалақ , 10- рама, 11- 
рульдік басқару, 12- двигатель. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.
Трактор мен автомобиль қандай қызмет атқарады? 
2.
Трактор мен автомобиль қандай негізгі бөлшектерден тұрады? 
3.
Тракторлар мен автомобильдер қандай белгілермен жіктеледі? 
4.
Автомобильдерді қандай параметрлермен жіктейді? 
5.
Тракторлар мен автомобильдердің қайсысы мамандырылған немесе
арнаулыға жатады? 
6.
Доңғалақтың формуласы дегеніміз не? 
Дәріс 2 
Ауыл шарушылығындағы қолданылатын автомобильдер. 
Мақсаты:
Солтүстік Қазақстанда шығарылатын автомобильдердің басты 
маркілерін оқып үйрену. 
Жоспар 
1.КамАЗ Бен ЗИЛ жүк автомобильдерінің техникалық мінездемесі. 
2.ГАЗ автомобильінің басты конструктивтілігі. 
1.КамАЗ Бен ЗИЛ жүк автомобильдерінің техникалық мінездемесі 
Аралық және соңындағы ауыл шарушылық өндіріс өнімнің барлық 
жағдайларында автомобильдік транспорт әртүрлі өндіріс ресурстарының 
материалдық ағымдарын қамтамасыз етеді. 
Жүкті автомобильдерінің автомобильдік паркілерінің жаңаруы өте баяу 
жүруде. Қазір жолдарда СССР-дың өткен ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдарында 
шығарылған автомобильдерді көруге болады. 


13 
Солтүстік Қазақстанда жүкті автомобильдерден кең тараған автомобиль 
«КамАЗ» және әртүрлі модифицияланған Горьков автомобиль зауытының 
автомобильі «Газель», ол орта және кіші бизнесте өте қолайлы болып келеді. 
Шетел жүкті автомобильдері мен автобустарының келуі де үлкейді. Бұл 
техника бұрын эксплуатацияда болған, бірақ сатып алушыларды төмен бағасымен 
және үлкен техникалық көрсеткішімен өзіне тартады. 
Жаңа автобустар мен шетел жүкті автомобильдер (қытайдан басқасы) 
Солтүстік Қазақстанға жеткізілмейді, оған себеб оның қымбат бағасы. 
Кәсіпкерлер арасында комерциялық автомобильдер үлкен сұраныста болады, 
оларға кіші және орта жүк көтергіш (0.5-тен 2 тонн) автомобильдер кіреді. 
Олар базардағы шарттарға сай тауарды қолайлы жеткізеді. Үлкен жүкті КамАЗ 
әртүрлі жүктерді үлкен қашақтыққа тасымалдауға қолданылады және оның 
артықшылығы үлкен үнемділік, эксплуатациялық сенімділік және жүргізуші 
орнының комфортылығы. 
Бұл артықшылықтар, КамАЗ автомобильін өз классында бірінші қатарға 
шығарады және де тұтас қатарлы конструкциясымен лайықты, үлкен дәрежедегі 
шығарушы технологиясымен және өндіріс контролінің барлық кезеңдері арқылы 
анықталады. 
КамАЗ автомобильінің массалық өндірісі және халық шаруашылығына түсуі 
1976 жылы басталды. КамАЗ-5320 автомобильі жүккөтергіші 8т және 6*4 доңғалақ 
формуласы болады. КамАЗ-740 автомобильінің дизельді двигателі төрттактілі V-
бейнелі сегіз цилиндрлі болып келеді. Двигательдің жұмыс көлемі 10,85л, сығылу 
дәрежесі 17 және максималды қуаты 154,5 кВт болады, егер буынды біліктің айналу 
жылдамдығы 2600 айн/мин болса. Ең үлкен жылдамдығы 80-100 км/сағ (негізгі 
беріліс санының тәуелділігіне қарамастан). 
Сонымен қатар КамАЗ-4310 автомобильі 6*6 доңғалақ формуласымен 
шығарылады. Ауыл шаруашылығында «Урал-375Н» автомобильін де қолданады
оның жүккөтергіші 7,0 т, 6*6 доңғалақ формуласы болады. Автомобильде сегіз 
цилиндрлі V-бейнелі төрттактілі карбюраторлы двигатель орнатылған. Оның жұмыс 
көлемі 7,0 л, сығылу дәрежесі 6,5 және максималды қуаты 132,5 кВт болады, егер 
буынды біліктің айналу жылдамдығы 3200айн/мин болса. Ең үлкен жылдамдығы 
75км/сағ. Осымен қатар «Урал-4320» автомобильі 6*6 доңғалақ формуласымен және 
КамАЗ-740 дизелімен шығарылады. Қазіргі уақытта КАМАЗ автомобильі 
Қазақстанның басты жүкті автомобильіне айналды, оның құрастырылуы 
Петропавловск және Солтүстік Қазақстанда жүргізіледі. 
Ауыл шаруашылығында ЗИЛ-130 автомобилі кең қолданылады. Оның өндірісі 
1964 жылы желтоқсан айында басталып, кейін зауыт жаңа техника шығарылуына 
көшкенін білдіріп, ол үлкен эксплуатациялық қасиетке ие болды. ЗИЛ-130 
автомобильінің (1968 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ЗИЛ-130 автомобильі ЗИЛ-
431410 атына ие болды) жүккөтергіштігі 6т болады. Бұл автомобильде сегіз 
цилиндрлі V-бейнелі төрттактілі карбюраторлы двигатель қолданған. Оның 
жұмыстық көлемі 6,0 л, сығылу дәрежесі 6,5 және оның үлкен қуаты 110,4кВт 
болады, егер буынды біліктің айналу жылдамдығы 3200 айн/мин болса. Ең үлкен 
жылдамдығы 90км/сағ. Бұл автомобильде алғаш рет практикалық өндірісте жоғары 


14 
клапанды карбюратор (5969см
3
, 150л.с.) қолданды. Осы двигатель екінші моторлы 
буынының қуатын 1,5 есе центрлі айналғыш майлы фильтр арқылы көбейтті. ЗИЛ-
130-да алғаш рет рульді механизмде гидрокүшейткіш және ыңғайлы кабина, 
қолайлы желдету мен жылыту, алдыңғы шыны мен аллигатор типті капот пайда 
болды. Олардың дизайнын 50-ші жылдағы американдық жүкті автомобильдеріне 
ұқсас келеді. 
Ең бірінші шыққан ЗИЛ-130-дың салмағы 4300 кг, ол массасы 8 т тіркемені 
тарта алады, максималды жылдамдығы 90 км/сағ және де 100 км жолға 28 л 
жанармайын шығындайды. ЗИЛ-130Г 3800-ден 4300-ге дейін үлкейтілген доңғалақ 
базасына ие болды. Басқалардың орындауындағы болған самосвалдар- ауыл 
шаруашылық ЗИЛ-ММЗ-554, құрылыстағы ЗИЛ-ММЗ-555, тартпалы ЗИЛ-130В, 
борттық ЗИЛ-130А тіркемемен жұмыс істеуге арналған және газбалонды ЗИЛ-138 
болып саналады. Солтүстік нұсқаудағы ЗИЛ-130С Читинск автоқұрастыру 
зауытында шығарылды 
Үшінші 
кезеңдегі 
автомобильдердің 
өндірісі 
кезінде 
әрсайын 
модернизацияланды, осының нәтижесінде: ЗИЛ-130-76 (1977ж.), ЗИЛ -130-80 
(1980ж.), ЗИЛ -431410 (1986ж.) модельдері пайда болды. Олардың рамасы мен жүру 
құрылысы күшейтіліп, оның жүк көтергішін 6 т-ға арттырды. Двигательде құйынды 
шығару клапаны бар бас блогі және құрғақ әуе фильтрі бар транзисторлы іске 
қосылу жүйесі бекітілді. Автомобильде гипоидты басты беріліс, бөлек 
пневматикалық жетектегі тежегіш, өзгертілген қалқан құрылғы және жаңа ажарлы 
радиатор орнатылды. 1994ж-ға дейін үлкен есеппен алғанда 130-сериялы 3366503 
машина жасалынды. 
Толық жетекті категориялы 3-ші кезеңдегі автомобильдерге 3,5 т жүкті ЗИЛ-
131(6*6) жатады. Ол біріңғайландырылған, «130» сериялы және 1966 жылы 
желтоқсан айында шығарылған. Оның басқа нұсқасы ер сияқты тартпалы ЗИЛ-131В 
болды. Содан кейін оны ЗИЛ-131Н ауыстырды, оның жүк көтергіші 3,75 т, 1986 ж-
ға дейін шығарылған. 90-шы жылдары ЗИЛ-431410 және ЗИЛ-131Н жүкті 
автомобильдерінің шығарылуы Орал автомобиль зауытына ауыстырылды. Ол 
Екатеринбург қаласының маңындағы Новоуральскте орнатылды. 1975ж. жаңа 
кезендегі 3-басты ЗИЛ-дің өндірісі жаңартылды. ЗИЛ-133П (6*4) жүк көтергіші 8 т, 
бұған қоса 1979ж жаңа 10т-лы модель ЗИЛ-133Г2 қосылды. Оның толық массасы 
17,2 т. Олардың стандартты 150 күшті 8V двигателімен қондырды. Мұнда 5 сатылы 
беріліс қорабы, гипоидты басты беріліс және жарты эллиптикалық рессорда 
орналасқан артқы доңғалақтарының балансирлі аспалы құрылғысы орнатылды. 1979 
ж. жүк ЗИЛ-133ГЯ-де Камск автозауытының КамАЗ-740 V8 дизель двигателі 
(10 857см
3
, 210а.к.) және 2 дискілі ілініс пен сатылы беріліс қорабы орнатылды. 
Толық массасы 17,8 т-да, оның жылдамдығы 80км/сағ болады. 
ЗИЛ-дің басты жетістігі ол 5-ші кезеңдегі жаңа оперативті орта классты толық 
массасы 7т жүкті автомобильдерін шығаруы. Ол кіші кәсіпкерлерге аз партиялы 
жүктерді тасымалдауға қолданылады. Бұл автомобильдерінің түбірі 1996 ж. 3т-лы 
жарты капоты ЗИЛ-5301 болып саналды. Оның спецификалық түріне байланысты 
халықта оны «Бычок» деп атап кеткен. Бұл автомобильде Минск моторлы 
зауытының (ММЗ) 4-цилиндрлі трактордың модификацияланған дизель двигателі 


15 
(47-50см
3
, 109л.с.) орнатылған. Автомобильде 5-сатылы синхронды беріліс қорабы 
және гидрокүшейткіш «Бычок» қолданған. Ол гидрожетекті ілініс пен 
тежегіш,гипоидты басты беріліспен, алдыңғы дискті тежегішпен, 16-дюймдық 
доңғалақтармен(камерсіз шиналармен) және тенті бар металдық жүкті 
платформамен қондырылған. Оның аз бұрылу радиусы (7 метр) және өте үлкен емес 
жүкті тиеу биіктігіне ие. Салыстырмалы биіктік массасы 4т болғанмен, максималды 
жылдамдығы 90-95 км/сағ.
Жаңа автомобильдердің біртипті шасси, ұзын, қысқы немесе екі еселі жеті 
орынды кабина мен 3650 және 4250 мм-ге дейін доңғалақ базасы болады. Оларда 
сәйкес келетін борттық нұсқалар ЗИЛ-5301- ЗИЛ-5301ЯО және ЗИЛ-530110 
ұсынылды. Олардың жүк көтергіші сәйкесінше 3, 0; 3,9; 2,7 т, сонымен қатар 
бірнеше әмбебап түрі, изотермиялық пен рефрижераторлы фургондар және 
үштонналы самосвал ЗИЛ-САЗ-1503 шығарылды. Ал 1998 жылдан бастап 
жылжымалы есептері бар тұтас металды фургон ЗИЛ-5301СС шығарылды. 1999 
жылы компакті фургон ЗИЛ-5301НС пайда болды. Оның шассиінің 3245 мм 
доңғалақ базасына сыйымдылығы 10,5м
3
болды. Сонымен қатар 3-осты нұсқасы 
ЗИЛ-5302 (6*2) және толық жетекті ЗИЛ-5301ФА (4*4) бар. Шассидің ланжеронды 
рама мен бөлек кабина болуы, оған арнайы құралдар және әртүрлі кузовтарды 
монтаждауға үлкен мүмкінділік туғызады. Олардың арасында әртүрлі самосвалдар, 
цестерналар, эвакуационды машиналар, өрт сөндірігш автомобильдер және 15 , 21 
орынға ие автобустар жасалды. Сыртқы түрінен және күштік агрегаттауы бойынша 
«Бычков» автомобильінің жақын туысы болатын, толық жетекті ЗИЛ-4327 (4*4) 
автомобильі. Оның жүк көтергіштігі 2,3 тонна және біріңғайландырылды «131» 
сериялы шассиға ие. ЗИЛ-5301 автомобильі шетел автомобильдерінен арзан және 
қарапайым болғанымен, ол ресейлік сатып алушыларды пайдалануымен толық 
қанағаттандырады. 1999ж. 13745 «Бычков» автомобильдері шығарылды, ол бүкіл 
зауыт өндірісінің 63,4% құрады. 
90-шы жылдары Ресейде болған түбегейлі реформалар ЗИЛ-дің шығарылуына 
әсерін тигізді. Ең бірінші тығыз қатынасқа кірген жүкті автомобильдер мен 
дизельдердің «Кенуорт»(Kenworth), «Катерпиллар» (Caterpillar), «Вольво» (Volvo), 
«Рено» (Renault) фирмаларымен қызметтесудің ешқандай жетістіктер әкелген жоқ. 
Осының нәтижесінде зауыт тек өз күшіне сеніп, жөн табуға мәжбүр болды. Бір 
сөзбен айтқанда кең көлемді біріңғайландырылған өз автомобильдерін шығаруы 
болды. 
90-шы 
жылдары 
ЗИЛ-4331 
автомобильіне 
сүйене 
отырып, 
біріңғайландырылған, толық массасы 12 т, 3800-4500мм доңғалақ базасымен 
машина жасалынды. ЗИЛ-433102 баздық шассиде 185 күшті ЗИЛ-645 двигателімен, 
6 т-лы борттық нұсқасы ЗИЛ-433100, тартқыш ЗИЛ-442100 және қысқы не 
ұзартылған кабинамен ЗИЛ-442300 ұсынылды. 8т-лы борттық ЗИЛде-534330 толық 
массасы 14,5 т және тартқыш ЗИЛ-541760 және ЗИЛ-541730 автомобильдерде ЯМЗ-
236А V6 (11149см
3
, 195л.с.) дизель және 8 сатылы беріліс қорабы қолданылады. 
1999 жылдан бастап тартқыш ЗИЛ-541740 турбоүрлегіші бар 230 күшті ЯМЗ-
236НЕ дизелімен шығарылады. Қарапайым 6 т ескі карбюраторлы моторы бар 150 
ат к. V8, ЗИЛ-130дан мұраға қалған, ЗИЛ-433110 және ЗИЛ- 43360 автомобильдері 
үлкен сұраныста.


16 
1995 ж ЗИЛ-131Д автомобилінің орнын жүк көтергіштігі 3,75 тонналық ЗИЛ-
4334 (6х6) ауыстырды. Қазіргі заманғы «133» серияға борттық нұсқалы массасы 17,7 
т, 10-тонналық ЗИЛ-133Г40, ЗИЛ-4514, ЗИЛ-4520 самосвалдары, жататын кабинасы 
бар ЗИЛ-1330А тягачы кіреді. Олардың басты двигателі 9-сатылы трансмиссиямен 
жұмыс істейтін жаңа дизель ЗИЛ-6454 V8 болып табылады.(9556 см3, 200 л.с). 
1999ж бастап жаңа 10-тонналы ЗИЛ-6309 (6х6) жүк машинасы, 195-ші күшті ЯМЗ-
236А дизельді самосвал ЗИЛ-6409 шығарыла бастады. 1996ж 195-ші күшті дизель 
ЯМЗ-7511-мен жұмыс істейтін , 40-тонналы автопоездерді 105 км/сағ-пен тарта 
алатын ЗИЛ-6404 (6х6) тягачы ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет