28
3.
Карбюраторлыға қарағанда дизельді двигательдің негізгі артықшылықтары
және кемшіліктері қандай?
4.
Двигательдің цилиндрінің жұмыс тәртібі деп не аталады? Төрт цилиндрлі
төрт тактілі двигательдердің цилиндрінің жұмыс тәртібі қай сүлбе бойынша
орындалады?
Іс-тәжірбиелік сабақ 3
Бензинді және дизельді двигательдерді қоректендіру жүйесі.
Мақсаты:
Бензинді ІЖД ауа және отынды-ауалы қоспа жасайтын, пайдаланған
газдар шығаратын және шуды азайтатын жүйелерінің құрылысы және атқаратын
қызметін оқу. Тракторлардың дизельді двигателінің қоректендіру жүйесі, жұмыс
принципі және атқаратын жұмысын анықтау.
Жоспар:
3.1. Бензінді ІЖД қоректендіру жүйесінің жіктелуі
3.2. Ауа тартқыш, турбокомпрессор;
3.3. Отынды-ауалы қоспа жасайтын аспап және бензинді бүрку жүйесінің
ерекшеліктері.
3.4. Тракторлар мен автомобильдерді қоректендіру жүйесінің элементтері,
әртүрлі конструкциялы двигательдерде қоспа жасалуды қарастыр.
3.5. Отын багы, төмен және жоғары қысымды насостар, форсункалар,
фильтрлер және айналу санын реттегіштердің жұмысын және атқаратын қызметін
анықтандар.
Есеп берудің мазмұны
Бензин бүркіп қоректендірудің сүлбесін сал, олардың карбюраторлыға
қарағанда артықшылықтары және кемшіліктері.
Нұсқа бойынша дизельді двигательдің қоректендіру жүйесінің бөлшектері және
түйіндерінің жұмысын және атқаратын қызметін жазбаша жазып есеп бер.
Достарыңызбен бөлісу: