Гликогеннен қанттардың түзілуі. Гликогеннен глюкоза суббөліктері гликоген фосфори-
лаза ферментімен босатылады. Нәтижесінде глюкозо-1-фосфат түзіледі және ол гликолизде қолдану
үшін тез арада глюкозо-6-фосфатқа айналады.
Өсімдіктерге қажетті қант пен АТФ әртүрлі органеллаларда өндіріледі: қанттар
хлоропласттарда (фотосинтезге маманданған органелла), ал АТФ митохондрияда. Де-
генмен, өсімдіктер АТФ пен НАДФН-тың үлкен көлемін өндіргенімен, бұл органелла
өсімдік клеткасынан активацияланған тасымалдаушыларды өткізбейтін арнайы қосқа-
батты мембранамен қоршалған. Осыған қоса өсімдіктерде әртүрлі ұлпаладың түрлері
болады, солардың ішінде, мысалы, хлоропласттары жоқ тамыр ұлпалары қанттарды өн-
діре алмайды. Хлоропласттарда синтезделетін қанттар барлық клеткалардың митохон-
дрияларына жеткізіледі. Өсімдіктерге қажетті барлық АТФ молекулалары қанттардың
митохондрияларда тотыға ыдырауы көмегімен синтезделеді.
Күні бойы артық фотосинтездік сыйымдылық болған жағдайда хлоропласттар
кейбір қанттарды май мен крахмалға (өсімдіктердегі гликогеннің аналогы) айналды-
рады. Өсімдіктердегі май триацилглицеридтер болып табылады және жануарлардағы
триацилглицеридтерден тек жиі кездесетін май қышқылдарымен ғана ерекшеленеді.
Май мен крахмал хлоропласттардың ішінде, қараңғы кезеңде, энергия түзілетін тотығу
процестері қажет болмаған кезге дейін сақталады.
Өсімдік дәніндегі эмбриондар қор ретінде сақталған энергияны пайдалана отырып,
ұзақ уақыт бойы, дән өнгенге және алғашқы жапырақтарда фотосинтез басталғанға де-
йін тіршілік етуі тиіс. Осыған байланысты дәндерде май мен крахмалдың үлкен көлемі
болады – осындай қоректік заттарға толы дәндер жануарлар, соның ішінде адамдар
үшін де негізгі азық көздерінің бірі болып табылады (
2.53-сурет ).