Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ).  Осылай энергия түзетін және органикалық молекулалар электрондарын беретін және  қабылдайтын жолдар ашу



Pdf көрінісі
бет104/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.47-сурет
). 
Осылай энергия түзетін және органикалық молекулалар электрондарын беретін және 
қабылдайтын жолдар ашу деп аталады. Коммерциялық тұрғыдан маңызды ашу процес- 
тері, биохимияда ертерек белгілі 
болған, ашытқылар көмегімен 
іске асырылады. Он тоғызыншы 
ғасырдағы зерттеулер 1896 жылы 
осы процестің клеткадан тыс 
ортада – клетка экстрактында – 
жүре алатындығы белгілі болды. 
Осындай революциялық жетістік 
процестің әр қадамын бөлек зерт-
2.47-сурет. 
Пируваттың анаэробтық 
ыдырауының екі жолы. (А) Оттегі 
жетіспеген жағдайда, мысалы, жиы-
рылатын бұлшықетте, гликолизде 
түзілетін пируват лактатқа айналады. 
Осы реакция гликолиздің 6-қадамын-
да қолданылатын НАД+-ті түзеді, бірақ 
толық жолда тотық тотығуға қарағанда 
азырақ энергия түзіледі. (Ә) Анаэроб-
тық жағдайда өсе алатын ашытқылар 
сияқты кейбір организмдерде пируват 
ацетальдегид көмегімен көмірқышқыл 
газы мен этанолға айналады. Со-
нымен, осы жол НАДН-тан гликолиздің 
жалғасуына қажетті НАД+-ті түзеді. (A) 
және (Ә) бөліктер ферментацияның 
мысалдары болып табылады
.


94 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
2.48-сурет. 
Гликолиздің 6- 
және 7-қадамдарындағы 
энергияның қор ретінде 
сақталуы. (A) 6-қадамда 
глицеральдегид-3-фосфат 
дегидрогеназа ферменті 
энергия тұрғысынан тиімді 
альдегидтің 
тотығуын 
энергия тұрғысынан тиім-
сіз жоғары энергиялы 
фосфатты байланыс түзуге 
жұмсайды. Сол уақытта ол 
энергияның НАДН түрінде 
сақталуын 
қоздырады. 
Жоғары энергиялы фосфат-
тық байланыстың түзілуі 
тотығу реакциясымен іске 
асырылады және фермент 
осы жерде “ескекті дөңге-
лек” жұптастырғыш қыз-
метін атқарады. 7-қадамда 
1,3-дифосфоглицерат құра-
мындағы жоғары энергия- 
лы фосфаттық байланыс 
АДФ-ке тасымалданылады 
да, АТФ түзіледі және 
қантта бос карбоксильдік 
топ қалады. Молекуланың 
өзгеріске ұшырайтын бөлі-
гі көк түспен таңбаланған; 
молекуланың қалған бөлігі 
реакция бойы өзгеріссіз 
қалады. (Ә) 6- және 7-қа-
дамдарда орын алатын 
химиялық өзгерістің түйіні.


КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
95
теуге мүмкіншілік берді. 1930 жылдары реакциялардың барлық қадамдары зерттелген-
нен кейін гликолиздің толық жолы және ондағы АТФ-тың орталық рөл атқаратындығы 
ашылды.
Гликолиз ферменттердің тотығуы энергияның қор ретінде сақталуымен қалай 
жұптастырылатындығын көрсетеді
Гликолиз барысында АТФ-тің түзілуі ферменттердің энергетикалық тұрғыдан тиімсіз 
реакцияларды тиімді реакциялармен қалай жұптастыратынын және сонымен қатар 
тіршілік үшін маңызды көптеген реакцияларды қалай іске асыратындығын көрсетеді. 
Гликолиздің орталық екі реакциясы (6 және 7 қадамдар) үш көміртегілі аралық гли-
церальдегид-3-фосфатты 3-фосфоглицератқа айналдырады (альдегид тобы тотығады 
да, карбоксильді топқа айналады). Толық реакциялар барысында АДФ-тің АТФ-ке ай-
налуына және альдегидтің екі электронын НАД
+
-қа тасымалдау үшін қажетті энергия 
түзіледі (толық реакцияның ΔG
0
 көрсеткіші -12,5 кДж/моль).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет