Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет107/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.52-сурет
).
2.51-сурет. 
Жануарлар мен өсімдік клеткаларында қанттар мен майлардың қор ретінде сақталуы.
 
(A) Крахмал мен гликогеннің құрылымы, сәйкесінше өсімдіктер мен жануарлардағы қанттардың қор 
ретінде жиналу түрі. Екеуі де глюкозаның қор ретінде сақталу полимерлері болып табылады және 
олар тек тармақталу нүктелерінің жиілігімен ерекшеленеді. Гликогенде крахмалға қарағанда тар-
мақталу нүктелері көбірек болады. (Ә) Бауыр клеткасындағы гликоген түйіршіктерінің электрондық 
микрографиясы. (Б) Осы клеткада биосинтездің өнісі ретінде крахмал түйіршіктері мен липидтерді 
(май тамшылары) көрсететін өсімдік клеткасы хлоропластының жұқа көлденең кесіндісі. (В) Май 
тамшылары (қызыл түспен таңбаланған) жануардың дамып келе жатқан май клеткаларында жинала 
бастайды (Ә, Robert Fletterick және Daniel S. Friend; Б, K. Plaskitt; В, Ronald M. Evans және Peter Totonoz 
рұқсаттарымен қолданылды).
Жануарлар үшін сандық көрсеткіштері жағынан май, гликогенге қарағанда, маңыз- 
дырақ энергия қоры болып табылады, себебі ол энергиялық қор көзін сақтаудың 
тиімдірек жолы болып табылады. Бір грамм майдың тотығуы нәтижесінде, бір грамм 
гликогеннің тотығуына қарағанда, екі есе көп энергия түзіледі. Осыған қоса, гликоген 
май молекулаларынан суды тартып алу қасиетімен ерекшеленеді. Сондықтан қор ретін-
де сақталатын гликоген толық массаның алтыдан бір бөлігін ғана құрайды да, қалған 
бөлігі судан тұрады. Орташа ересек адамда гликоген қоры, шамамен бір күндік, ал май 


98 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
қоры бір ай бойы қалыпты белсенді тіршілік үшін жеткілікті мөлшерде болады. Егер 
біздегі негізгі қоректік заттар қоры тек гликоген ғана болса, онда біздің денеміздің сал-
мағы, шамамен, алпыс фунтқа өсер еді. 
2.52-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет