14 1-тарау.Клеткалар мен геномдар
түрлері жатады. Фототрофты организмдер біздің қоршаған ортамыздың химиясын то-
лықтай өзгертті: Жер атмосферасының оттегісі олардың биосинтетикалық белсенділі-
гінің жанама өнімі болып табылады.
Литотрофты организмдер, бір қарағанда, біздің әлемімізді толығымен сипаттайтын
айқын көрінісі бола алмайды, себебі олар микроскопиялық өте майда және, көбінесе,
адам мекен етпейтін мұхит тереңдігінде, Жер қабатында немесе басқа мекен етуге қиын
болып табылатын аймақтарда тіршілік етеді. Дегенмен олар тіршілік әлемінің негізгі
бөлігін құрайды және Жер бетіндегі тіршілік тарихындағы рөлі өте маңызды.
Кейбір литотрофтар энергияны қоршаған ортадағы молекулалық оттегіні пайда-
ланатын аэробты реакциялардан алады. Дегенмен, олардың бір бөлігі оттегі мүлдем
болмайтын немесе шектеулі аз мөлшерде ғана болатын анаэробты жағдайда тіршілік
етеді. Бұл құбылыс Жер бетінде оттегі
болмаған немесе өте аз болған кездегі
көне дәуірге ұқсайды.
Осы сайттардың ең қауіптілеріне Ты-
нық және Атлант мұхиттарының түбінде
болатын гидротермальдық саңылаулар болып табылады. Олар мұхит түбінде
Жердің ішкі қабатынан бөлінетін зат-
тардың сумен араласатын шекарасын-
да пайда болады (
1.11-сурет ). Мұхит
түбіндегі жер қыртысына сіңіп енетін
теңіз суы қызады да, өзімен бірге ыстық
тастардағы химиялық заттарды қосып
ала отырып, жоғары қарай су асты гей-
зерлерімен мұхит түбінен жоғары қарай
көтеріледі. Осындай «коктейльдің»
құрамында H
2
S, H
2
, CO, Mn
2+
, Fe
2+
, Ni
2+
,
CH
2
, NH
4+
және фосфорлы қосылыстар
болады. Саңылау маңында мекен ететін
бактериялардың тығыз популяциясы
қоректік заттардың түрлері шектеулі
болатын ортада тіршілік етіп, бос энер-
гияны қолжетімді химиялық заттардың
әрекеттесу реакциясынан алады. Басқа
организмдер – моллюскалар, қосжақта-
улылар мен алып теңіз құрттары
саңылау маңында мекен ететін микро-
организмдермен қоректене отырып, біз
мекен ететін жер бетіндегі экожүйеге
ұқсас күннің орнына геохимиялық энер-
гияның қатысуымен қалыптасқан теңі-
засты экожүйені құрайды (