Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет22/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.9-сурет.
Амфофиликалық фосфоли-
пид молекулаларымен мембрананың 
қалыптасуы. Фосфолипидтерде гидро-
фильді (суды ұнататын, фосфатты) бас 
тобы және гидрофобты (суды ұнатпай-
тын, көмірсутекті) құйрығы болады. Май 
мен су арасындағы әрекеттесу аймағын-
да олар бас топтары суға, ал құйрықтары 
майға қарайтын бір қабат түзеді. Бірақ 
суға батырылған жағдайда олар сулы 
компартментті қоршайтын биқабатқа 
аггрегацияланады.


12 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
екендігі сондай оның мөлшері осы тарау мәтінінің ауданындай жерді алып жатады. 
Клетка биологиясы күрделі шығар, бірақ оны зерттеу мүмкін емес деп айтуға болмай-
ды. 
Қазіргі қоршаған ортада мекен ететін тірі клетка-
ларда шамамен 300-ден кем ген болмайды, бірақ олар-
дың тек 60-ы ғана барлық тірі организмдерге ортақ 
болып келеді.
Қорытынды
Жеке клетка – тірі организмнің өздігінен репродук-
цияланатын минимальды бірлігі болып табылады және ол өздігінен реплиикациялана 
алатын молекулалар жиынтығынан тұрады. Репродукция процесінің басты мақсаты 
– генетикалық ақпаратты өзінің ұрпағына тасымалдау. Біздің планетамыздың әр 
клеткасы өзінің генетикалық ақпаратын бірдей химиялық күйде – ДНҚ-ның қос тіз-
бегі түрінде сақтайды. Клетка өзінің ақпаратын ДНҚ-ның әр тізбегін ажыратып, 
оларды полимеризация процесінің матрицасы ретінде жаңа комплементарлы тізбек-
терді синтездеу үшін қолданады. Матрицалық полимеризацияның дәл осындай жолы 
ДНҚ-дағы ақпаратты матрицалық полимеризация көмегімен РНҚ түріне алмастыру 
үшін қолданылады. РНҚ молекулалары күрделі трансляциялық машина – рибосома – 
көмегімен белок синтезін іске асырады. Белоктар клеткадағы барлық реакцияларды 
іске асыратын молекулалар болып табылады; олардың басқа қасиеттеріне плазма-
тикалық мембрананың әртүрлі қосылыстарды сұрыптамалы түрде өткізу қасиетін 
жатқызуға болады. Әр белоктың арнайы қасиеттері оның аминқышқылдық тізбегіне 
тәуелді болады. Аминқышқылдық тізбек оны кодтайтын ДНҚ-дағы нуклеотидтермен 
– генмен анықталады. Осы жолмен, геном клетканың химиялық құрамын анықтайды; 
сонымен қатар, кез келген тірі клетканың химиялық құрамы, фундаменталдық тұрғы-
дан қарағанда, ұқсас болады, себебі ДНҚ-ның РНҚ-лар мен белоктардың синтезін 
қамтамасыз ететін процестері барлық клеткаларда бірдей жүреді. Ең қарапайым 
тірі клеткада, шамамен, 400-дей ген болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет