Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет25/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   330
1.12-сурет
). 
1.11-сурет.
Мұхит түбіндегі ыстық гидротер-
мальдық саңылаудың геологиясы. Су Жердің 
ішіндегі ыстық балқыған жынысына сіңеді, қыза-
ды және ыстық тастардағы минералдық заттар-
ды өзімен бірге саңылаудан алып шығады. Тем-
пература градиенті саңылау түбіндегі 350°C-ден 
мұхиттың түбіндегі 2-3°C-ге дейін төмендейді. 
Саңылаудан шыққан су суиды және минералдар 
жанартау кратерін түзеді. Кратердің айналасын-
да әртүрлі температураларда организмдердің 
әртүрлі кластары тіршілік етеді. Қалыпты кра-
тердің биіктігі бірнеше метрді құрайды және ми-
нералдарға бай ыстық суды секундына 1-2 метр 
жылдамдықпен шығарады.


ГЕНОМДАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
15
Кейбір клеткалар азот пен көмірқышқыл газын басқа организмдер үшін 
фиксациялайды
Клетка өзінің тіршілігі үшін химиялық заттар мен бос энергияны қажет етеді. ДНҚ, 
РНҚ мен белоктар сутегі, көміртегі, азот, оттегі, күкірт және фосфор сияқты тек 6 
компоненттен ғана тұрады. Олардың бәрі қоршаған ортада топырақ, су мен атмосфера 
құрамында көптеп кездеседі. Бірақ олар биологиялық молекулаларға оңай қосылатын 
химиялық күйде кездеспейді. Атмосфералық СО
2
мен N
2
реакцияға мүлдем түспейді. 
Бейорганикалық молекулаларды келешектегі биосинтездік процестерге қажетті орга-
никалық молекулалардың синтезін іске асыратын реакцияларды жүргізу үшін өте көп 
мөлшерде бос энергия қажет. Азот пен көмірқышқыл газының фиксациялану реакция-
сының нәтижесінде азот пен көміртегі тірі организмдер үшін қолжетімді күйге айнала-
ды. Тірі клеткалардың көптеген түрлерінде фиксациялауды іске асыратын механизмдер 
болмайды. Олар осы процесті іске асыра алатын басқа клеткалар түріне жүгінеді. Жа-
нуарлар органикалық көміртегі мен азоттың көзі болатын өсімдіктерге тәуелді болады. 
Өсімдіктердің атмосферадағы көмірқышқыл газын өз бетінше сіңіре алатын қабілеті 
болса да, олардың көпшілігінде атмосфералық азотты фиксациялау қабілеті болмайды. 
Сондықтан олар азот фиксациялаушы бактериялардың көмегін қажет етеді. Мысалы, 
асбұршақ тұқымдастығының өкілдері өздерінің тамырларында азот фиксациялаушы 
бактериялармен симбиоз түзеді. 
Тірі клеткалар өздерінің биохимиясының көптеген негізгі аспектілері бойынша 
ерекшеленеді. Қажеттіліктері мен мүмкіншіліктері комплементарлы болатын клеткалар 
бірігіп, жақын туыстастықтардың алуан түрін құрды. Кейбір туыстастықтар олардың 
құрамындағы жеке мүшелерінің өмір сүру қабілетін жоғалтқан нүктесіне дейін дамы-
ды: олар өз мүмкіншіліктерін біріктіре отырып, жаңа клеткаға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет