Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


мен, 20 есе кем болады және осы жылдамдық эукариоттық ДНҚ-ның тығыз қапталуына  байланысты болуы мүмкін.  5.27-сурет



Pdf көрінісі
бет288/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   330
317
мен, 20 есе кем болады және осы жылдамдық эукариоттық ДНҚ-ның тығыз қапталуына 
байланысты болуы мүмкін. 
5.27-сурет. 
Репликативтік айырлардың эукариоттық хромосомада қалыптасуы мен жылжу паттер-
ндерін көрсететін тәжірибелер. Адам клеткаларының культурасында синтезделетін жаңа ДНҚ жоға-
ры радиоактивті тимидинмен (
3
Н-тимидин) таңбаланды. (А) Осы тәжірибеде клеткалар ерітілді және 
ДНҚ фотографиялық эмульсиямен қапталған заттық шыныға созылды. Бірнеше айдан кейін эмульсия 
айқындалды. Нәтижесінде радиоактивті ДНҚ-да күміс түйіршіктердің қатары көрінді. Осы суретте 
ДНҚ қоңыр түспен тек авторадиографияны оңайырақ түсіну үшін ғана боялды; осындай тәжірибелер-
де таңбаланған ДНҚ көрінбейді. (Ә) Осы тәжірибе алдыңғы тәжірибедей болды, бірақ таңбасы жоқ 
ортада қосымша инкубациялау нәтижесінде радиоактивтілігі төмен қосымша ДНҚ-ның репликация-
лануына мүмкіншілік тудырды. (Б) Суретіндегі күңгірт іздердің жұптарында күміс түйіршіктердің қара-
ма-қарсы бағытта пайда болатынын көрсетті және бұл жағдай репликацияның қос бағытта жүретінін 
дәлелдейді. Репликативтік айыр тек басқа айырға кезіккен немесе хромосома соңына жеткен кезде 
ғана тоқтайды деп болжалуда.
Адамның орташа хромосомасында, шамамен, 150 миллион нуклеотидтер жұбы бола-
ды. Егер әр нуклеотид синтезіне 0,02 секунд қажет болса, онда 150 миллион нуклеотид-
тер жұбы 3,0*10
6
секундты немесе, шамамен, 35 күнді қажет етеді. Авторадиографиялық 
зерттеулер нәтижесінде әртүрлі репликациялық көзшелерге қатысты болатын көптеген 
репликативтік айырлардың бар екені анықталды. Қазіргі таңда ДНҚ репликациясының 
инициациясы мен репликациялық айырлардың жылжуын бақылаудың жаңа шапшаң әрі 
күрделі тәсілдері белгілі. Бір тәсіл ДНҚ микрочиптеріне негізделеді: көлемі пошталық 
маркадай болатын блоктарда белгілі ДНҚ тізбектерінің мыңдаған фрагменттері орнала-
сады. Егер бір топтағы репликацияланатын клеткалардың ДНҚ-сы үзіліп, организмнің 
геномын көрсететін микрочиппен гибридизацияланатын болса, онда репликацияланған 
ДНҚ мөлшерін анықтауға болады. Репликацияланған геном сегментінде ДНҚ-ның екі 
еселенген көлемі болғандықтан, репликативтік айырдың инициациясы мен жылжуын 
бақылауға болады (
5.28-сурет
).
Осы тәжірибелер келесіні көрсетеді: (1) адам клеткасы бөлінген кезде, шамамен, 
30000-нан 50000-ға дейін репликация басталу нүктелері қолданылады; (2) адам гено-
мында одан да көп басталу нүктелері болады және клетканың әртүрлі типтері басталу 
нүктелерінің әртүрлі жиынтықтарын қолданады. Осы қасиет клеткаға экспрессияланған 
гендерге кедергі тудырмай, өз хромосомаларын репликациялауға мүмкіншілік береді. 
Басталу нүктелерінің артық болуы негізгі басталу нүктелері бұзылған жағдайда немесе 


318 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
қолжетімді болмаған жағдайда репликацияның сәтті басталуын қамтамасыз етеді; (3) 
бактерияларда сақиналы ДНҚ-да түзілетін екі репликативтік айырдың жұмысы қара-
ма-қарсы бағытта жүреді де, бір-бірімен кездескен кезде ғана тоқтайды. Осы жолмен 
көптеген репликативтік айырлар тәуелсіз түрде әрекет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет