Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет289/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.28-сурет
Репликативтік айырлардың қалыптасуы мен жылжуын ДНҚ микрочиптерінің көме-
гімен бақылау. Осы тәжірибеде клеткалар популяциясы синхронизацияланды. Сондықтан олардың 
барлығы репликацияны бірдей уақытта бастайды. ДНҚ жиналды және микрочипте гибридизациялан-
ды; бір рет репликацияланған ДНҚ-ның гибридизациялану сигналы (қою жасыл төртбұрыштар
репликацияланбаған ДНҚ-ның гибридизациялану сигналынан (ашық жасыл төртбұрыштар) екі 
есе көп болады. Осы микрочиптегі дақтар (нүктелер) хромосома сегментіндегі сол жақтан оң жаққа 
және жоғарыдан төменге қарай созылған тізбекті тізбектерін көрсетеді. Осы суретте тек 81 нүкте көр-
сетілген; бірақ қалыпты микрочиптерде толық геномға созылатын жүздеген мың тізбектер болады. 
Суретте репликацияның басталу нүктелерінде басталатыны және қос бағытта жылжитыны көрінеді. 
Қарапайым болу үшін тек бір ғана басталу нүктесі көрсетілген. Адам клеткаларында репликация 
геномда таралған 30000-50000 репликацияның басталу нүктелерінде басталады. Осы тәсілдің көме-
гімен геномдағы әр репликативтік айырдың қалыптасуы мен жылжуын бақылауға болады. 
Эукариоттарда ДНҚ репликациясы клеткалық циклдың тек бір кезеңінде орын 
алады
Қарқынды түрде көбейген жағдайда бактерия өзінің ДНҚ-сын үздіксіз түрде реплика-
циялайды. Керісінше, көптеген эукариоттардағы репликация клетка бөлінуі циклының 
белгілі бір кезеңінде орын алады. Осы кезең ДНҚ синтезінің кезеңі немесе S фаза деп 
аталады (
5.29-сурет
). Сүтқоректілер клеткасында S фазаның ұзақтығы, әдетте, 8 сағатқа 
созылады; қарапайым келетін ашытқыларда S фаза, шамамен, 40 минут жүреді. Ол біт-
кеннен кейін екі жаңа хромосома немесе хромосомалар жиынтығы центромераларда М 
фазаға (М – митоздан шыққан) дейін бірігіп орналасады. 


ХРОМОСОМАЛАРДА ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ ИНИЦИАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет