Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет30/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   330
мутациялар деп аталады. Клетканың бөлінуі нәтижесінде пайда болған екі еншілес 
клетка толықтай бірдей болмайды. Кейбір жағдайларда мұндай қателер оң нәтижелер 
алып келуі мүмкін. Ал, көпшілік жағдайда ол клеткада ешқандай өзгеріс тудырмайды. 
Бірақ, көптеген жағдайларда қателер өте күшті зақым келтіреді: мысалы, маңызды 
белокты кодтайтын тізбектің үзілуін тудырады. Бірінші қателер мәңгілікке сақталып 
қалады, себебі өзгерген клетканың өзін-өзі репродукциялау мүмкіншілігі жоғары бола-
ды. Қателердің екінші түрі – сұрыптамалы бетарап өзгерістер – мәңгілікке сақталып 
қалуы немесе қалмауы мүмкін: шектеулі қоректік заттар ортасында өзгерген клетканың 
тіршілігін сақтап қалу мүмкіншілік сәттілікке тәуелді болады. Бірақ өте қатерлі зақым 
тудыратын өзгерістер ешқандай пайдалы нәтижеге алып келмейді: зақымданған клетка 
өледі және ұрпақ қалдырмайды. Осындай сынақтар мен қателер – мутациялар  және 
табиғи селекция – циклының бітпейтін қайталымдарының көмегімен организмдер 
дамиды: олардың генетикалық ерекшеліктері өзгереді, нәтижесінде клеткалардың қор-
шаған ортаны тиімдірек пайдалану, басқалармен тіршілік үшін бәсекеде аман қалу және 
сәтті репродукциялану мүмкіншіліктері артады.
Эволюция барысында геномның кейбір бөліктері, басқаларына қарағанда, оңай түр-
де өзгереді. Белокты кодтамайтын және реттегіш рөлі жоқ ДНҚ тізбегінің сегменті кез-
дейсоқ қателер жиілілігімен ғана шектелетін мүмкіншілікпен өзгере алады. Керісінше, 
жоғары оптимизацияланған маңызды белокты немесе РНҚ-ны кодтайтын ген өте оңай 
өзгере алмайды: қателер орын алған жағдайда қателері бар клеткалар, әдетте, әрқашан 
жойылады. Осы түрге жататын генде жоғары консервативті қасиет болады. 3,5 мил-


20 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
лион жыл құрайтын эволюция тарихында геномның көптеген аудандары өзгерді, бірақ 
жоғары консервативті гендер барлық түрлерде табылады.
Соңғы айтылған гендерді зерттеу көмегімен тіршілік шежіресіндегі бір-бірінен ал-
шақ орналасқан организмдер арасындағы байланысты анықтай аламыз. Тірі әлемнің 
бактериялар, архейлер мен эукариоттарға жіктелуіне әкелген зерттеулер рибосоманың 
рРНҚ компонентінің талдануына негізделген, себебі РНҚ-ның белокқа трансляцияла-
нуы процесі барлық организмдер үшін фундаменталдық болып табылады. Рибосома-
ның осы компоненті Жердегі тіршілік тарихы бойы жоғары консервативті болып келеді 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет