Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет33/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

тығының жиі кездесетіндігі 
анықталды: мысалы, Bacillus 
subtilis бактериясы гендерінің 
47%-ының бір немесе бірнеше 
туысы болады (
1.20-сурет
). 
Гендер осы жолмен дупли-
кацияланып, ажырайтын бол-
са, бір түрдің жеке өкілдері 
байырғы гендердің көптік варианттарымен үйлестіріледі. Эволюциялық процесті бір 
түрге жататын организмдердің тіршілік шежіресі нұсқасының тармақталу нүктесінде 
екі бөлек тармаққа бөлінген кезде орын алатын генетикалық ажыраудан бөлек қарасты-
ру қажет. Гендер эволюция барысында бірте-бірте ажырайды, бірақ еншілес екі түрде 
олардың функциялары ұқсас болады. Организмдердің бөлек екі түрлеріндегі ата тегі 
ортақ болатын гендер ортологтар деп аталады. Бір геномдағы гендер дупликациясы 
нәтижесінде түзілген ұқсас, бірақ функциясы әртүрлі гендер паралогтар деп аталады. 
Осы екі қасиетке де ие болатын гендер гомологтар деп аталады (
1.21-сурет
). 
Гендер организмдер арасында зертхана жағдайында және табиғатта 
тасымалдана алады
Гендердің бір түрден екіншісіне көлденең тасымалы көрінісін прокариоттарда айқын 
байқауға болады. Көзге түсетін белгілерге бактерияларды инфекциялайтын бактери-
офаг атты вирустардан алынған тізбектер жатады (
1.22-сурет
). Вирустар қожайын 
клеткасының репродуктивті және биосинтетикалық механизмінің паразиттері ретінде 
1.20-сурет. 
Bacillus subtilis
 геномындағы эволюциялық тұрғы-
дан туыстас гендер. Осы бактериядағы ең үлкен туыстастық 77 
геннен тұрады және олар АВС тасымалдағыштарын – мембра-
налық тасымалдаушы белоктар класы – кодтайды. (F. Kunst et 
al., Nature 390: 249-256, 1997 көзінен Macmillan Publishers Ltd. 
рұқсатымен қолданылған).


ГЕНОМДАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
23
дамыған генетикалық ақпараттың кіші қаптамалары болып табылады. Бірақ тірі клет-
калар көптеген жағдайларда ген тасымалының векторларына ұқсас қызмет атқарады. 
Вирус бір клеткада көбейіп, онда қауіпсіз капсидке қапталып, осы клетканың осы неме-
се басқа түрін инфекциялайды. Көп жағдайда инфекцияланған клетка ішінде вирустық 
бөлшектердің жоғары деңгейдегі пролиферациясының әсерінен тіршілігін тоқтатады; 
бірақ, кейбір жағдайда вирустық ДНҚ өзінің бөлшектерін тікелей түзуден гөрі қожайын 
клеткасында көптеген ұрпақтарында плазмида атты ДНҚ-ның клеткаішілік фрагменті 
түрінде немесе қожайын геномына енген тізбек ретінде сақтай алады. Басқа клетка-
ларды инфекциялау барысында, вирустар, кездейсоқ түрде, қожайын клеткасының 
геномынан ДНҚ фрагменттерін алып, басқа клеткаға тасымалдай алады. Генетикалық 
ақпарат тасымалының осындай түрі прокариоттарда жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет