Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет29/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.17-сурет
).
Архейлер әдетте адам аулақ жүретін аймақтарды мекен етеді: батпақ, ағын сулар-
ды тазарту қондырғылары, мұхит тереңдіктері, тұзды орталар және ыстық қышқыл 
бұлақтар және т.с.с.. Сонымен қатар олар топырақта, ірі қара мал асқазаны сияқты 
орталарда кездеседі. Сырт пішіні бойынша оларды бактериялардан ажырату оңай емес. 
Молекулалық деңгейде архейлер эукариоттарға генетикалық ақпарат механизмі (репли-
кация, транскрипция және трансляция) бойынша, ал бактериялармен метаболизм мен 
энергияны түрлендіру жолдары бойынша ұқсас келеді. Алдағы уақытта біз оның қалай 
мүмкін болатындығын қарастырамыз. 


ГЕНОМДАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
19
1.17-сурет. 
Тіршілік әлемінің үш негізгі тармақтары (домендері). Бактерия сөзінің прокариоттарды 
жалпылама сипаттау үшін қолданылды, бірақ кейін эубактерияларды сипаттауға қолданылатынын 
ескеріңіз. Көрсетілген ағаш әртүрлі түрлердің рибосомалық РНҚ (рРНҚ) суббөлігінің нуклеотидтік 
тізбегін салыстыру негізінде құрастырылды және диаграммадағы қашықтық осы молекулада әр тар-
мақта орын алған эволюциялық өзгерістер санын болжайды. Ағаштың сұр түспен бөлінген аймағы 
эволюция барысында түрлер ажырауының дәл паттерндерінің сипаттамалары жайлы белгісіздікті 
көрсетеді: рРНҚ-дан басқа молекулалардың нуклеотидтік немесе аминқышқылдық тізбектерінің 
салыстырмасы мен әртүрлі ағаштарға әкеле алатын басқа аргументтер. Қазіргі таңда эукариоттардың 
ядросы архейлердің субтармағынан дамыды деп болжалуда және алғашқы тіршілік ағашында тек екі 
тармақ болды – бактериялар мен архейлер.
Кейбір гендер тез арада өзгереді, ал басқалары жоғары консервативті болып 
келеді
Генетикалық ақпаратты сақтау және оны көшіру кезінде нуклеотидтік тізбекті өзгер-
тетін кездейсоқ жағдайлар, ал соның салдарынан қателер орын алып отырады, олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет