ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
29
Эукариоттармен (мембранамен қоршалған ядросы бар клеткалар) бірге олар тіршілік
шежіресінің негізгі үш бұтағын құрайды.
Көптеген бактериялар мен архейлер 1000-6000 геннен тұратын кіші бірклеткалы
организмдер болып келеді. Бір организмдегі көптеген гендер күшті туыстық қасиет
көрсетеді және бұл олардың ген дупликациялары немесе дивергенция көмегімен бір
ата-тек геннен дамығандығын көрсетеді. Туыстық ұқсастық әртүрлі түрлерге жа-
татын организмдердегі осы гендердің ДНҚ тізбектерін салыстырған кезде де айқын
көрінеді. 200 ген туыстастығы жоғары консервативті болып табылады және олар
барлық организмдерде кездеседі. Жаңадан бір ген тізбегі анықталған кезде оның функ-
циясын, E.coli сияқты, модельді организмдердегі басқа гомологты гендер функцияла-
рының көмегімен болжауға болады.
ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Эукариоттық клеткалар, прокариоттарға қарағанда үлкен әрі күрделі және олардың
геномдары да күрделірек келеді. Үлкен көлемді клеткаларда клетка құрылымы мен
функциясы арасында айырмашылықтар болады. Осыған қоса, көптеген эукариоттық
клеткалар ешбір прокариоттарға тән емес қасиетке ие болып келеді – олар, көпшілік
жағдайда, мультиклеткалық организмдер түзеді.
Эукариотттар күрделі болғандықтан, олар осы кітапта талқыланатын көптеген
мәселелерге биологтардың назар аударуына ықпал етті. Көптеген биологтар клетка
немесе организмнің генетикалық ақпаратын талдау және манипуляциялау көмегімен
осы мәселелерді шешуге тырысады. Мұндай жұмысты бастар алдында зерттеушінің
эукариоттық геном туралы білімі болғаны жөн. Біз эукариоттық клетканың ұйымдасуы,
осы қасиеттің олардың тіршілігіне қалай әсер ететіні және олардың геномдарының про-
кариоттардың геномдарынан қалай ерекшеленетінінен бастаймыз. Осындай мәліметтер
бізге клеткалық биологтардың генетикалық және биохимиялық мәліметтерді қолдана
отырып, эукариоттық клетканың қалай әрекет ететінін ашуға бағытталған стратегиясын
көрсетеді.
Эукариоттық клеткалар жыртқыштар ретінде пайда болуы мүмкін
Эукариоттық клеткалар өз ДНҚ-сын ядро деп аталатын клеткаішілік компартментте
сақтайды.
Ядролық мембрана ядроны қоршайтын және ДНҚ-ны цитоплазмадан бөліп
тұратын қабық болып табылады. Эукариоттардың, оларды прокариоттардан бөлетін,
басқа да қасиеттері болады (
Достарыңызбен бөлісу: