Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет37/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

фенотип. Қалыпты ашытқы (Schizosaccharomyces pombe 
түрінің) жалғыз гендегі өзгеріс клетканы сигара түрінен 
(сол) Т түріне (оң) айналдырған мутантпен салысты-
рылды. Мутантты ген клетка пішінін қалыптастыруға 
қатысады. Бірақ, молекулалық тұрғыдан, геннің өнімі 
осы функциясын қалай атқара алады? Бұл өте салмақты 
сұрақ және оның жауабы биохимиялық талдауды қажет 
етеді (Kenneth Sawin және Paul Nurse сыпайлылығымен 
қолданылды).


ГЕНОМДАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
27
дары мен тәсілдері зерттеу жұмыстарын жеңілдетті. Тізбектерді салыстыру көмегімен 
біз гендердің эволюция барысында сақталған және мүлдем өзгермеген субаудандарын 
анықтай аламыз. Мұндай консервативті субаудандар ген функциясы тұрғысынан ең 
маңызды аудандар болатын сияқты. Біз олардың ген белсенділігіне қосатын жеке үлесін 
зертханалық жағдайда берілген геннің белгілі сайттарында мутация тудыру немесе бір-
неше геннің аудандарынан тұратын гибридті жасанды ген құрастыру көмегімен анықтай 
аламыз. Генмен анықталатын РНҚ немесе белоктың биохимиялық талдануын жеңілде-
ту мақсатында осы ген өнімдерін үлкен көлемде түзетін инженерленген организмдерді 
алуға болады. Молекулалық құрылым мәселелерімен айналысатын мамандар ген 
өнімдерінің үш-кеңістіктік құрылымын құрастыра отырып, молекуладағы әр атомның 
орнын анықтай алады. Биохимиктер ген өнімінің биохимиялық әрекетіне, генетикамен 
анықталатын, молекуланың қосатын үлесін көрсете алады. Клеткалық биологтар геннің 
мутантты түрін экспрессиялайтын клеткалардың әрекетін зерттей алады.
Дегенмен геннің функциясын зерттеуге арналған қарапайым әдістер мен сипаттай-
тын әмбебап стандарт жоқ. Мысалы, біз берілген геннің өнімі белгілі бір реакцияны 
катализдейтінін анықтасақ та, оның организм үшін қалай және не үшін маңызды екенін 
білмеуіміз мүмкін. Ген өнімдерінің жаңа туыстастықтарының функционалдық сипат-
тамасын алу биологтар үшін қызықты мәселе болып табылады. Бұған қоса, біз геннің 
бүтін организм тіршілігіндегі рөлін барынша толық анықтамай, оның функциясын то-
лықтай түсіне алмаймыз. Ген функцияларының түпкі маңызын анықтау үшін біз жеке 
молекулалар немесе клеткаларды ғана емес, зерттеулерді бүтін организм деңгейінде 
жүргізуіміз керек.
Молекулалық биология E.coli-ге көңіл бөлінген кезден басталды
Тірі организмдер күрделі болып келетіндіктен, белгілі түрлер туралы жаңа мәліметтер 
көбейген сайын келесі зерттеулер бізді одан да бетер қызықтыра бастайды. Әр жаңалық 
жаңа сұрақтар тудырады және зерттелетін организм жайлы жаңа сұрақтарды шешу-
ге арналған жаңа құралдар мен тәсілдердің пайда болуына себепші болады. Осыған 
байланысты биологтардың үлкен бір тобының жұмыстары, әрдайым, модельді орга-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет