Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет42/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.29-сурет
Митохондрияның пайда болуы. Ататек анаэробты жыртқыш клетка митохондрияның 
бактериялық ататегін жұту көмегімен симбиоз құрды деп болжалуда. Қазіргі таңдағы барлық эукари-
оттардың геномдарында бактериялық және архейлік тұқым қуалайтын дәлелдер табылған.
Көптеген эукариоттық клеткаларда, әсіресе өсімдіктер мен балдырларда, мито-
хондрияға ұқсас мембранамен қапталған басқа органеллалар бар – хлоропласттар 
(
1.30-сурет
). Хлоропласттар фотосинтезді іске асырады. Олар күннің энергиясын пай-
далана отырып, атмосфералық көмірқышқыл газы мен оттегіден көмірсулар синтездеп, 
түзілген өнімдерді қожайын клеткасына қорек ретінде жеткізеді. Митохондрия сияқты 
хлоропласттардың өз геномы болады. Олар митохондриясы бар эукариоттық клеткалар-
мен симбиоз құрған фотосинтездеуші бактериялар болғаны мәлім (
1.31-сурет
). 


ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
33
1.31-сурет. 
Хлоропласттардың пайда болуы. Митохондриясы бар көне эукариоттық клетка фото-
синтетикалық бактерияны (цианобактерия) жұтады және симбиоз құрады. Қазіргі таңдағы хлоро-
пласттардың ататектері миллиард жыл бұрын ішкі симбионт ретінде бейімделген цианобактериялар 
болып табылады.
Хлоропластпен «жабдықталған» эукариоттық клеткаға басқа олжа іздеудің қажеті 
жоқ. Дегенмен, цитоқаңқасы бар өсімдік клеткалары өз пішінін тез арада өзгерту және 
басқа клеткаларды фагоцитоз көмегімен жұту қабілетін жоғалтты. Керісінше, олар өз 
клеткасының айналасында қатты, берік клетка қабығын түзеді. Егер тұңғыш эукари-
оттық клеткалар жыртқыштар болса, өсімдік клеткалары жыртқыштықтан фермерлік 
әрекетке ауысты.
1.30-сурет. 
Хлоропласттар. Осы 
органеллалар өсімдік пен кейбір 
бір клеткалық эукариоттар клетка-
ларында күн сәулесінің энергиясын 
жинайды. (A) Жарық микроскопы-
ның астында көрінген гүлдейтін 
өсімдіктің жапырағынан оқша-
уланған жалғыз клеткасындағы 
хлоропласт (
1.3-бейнефильм 
және 
14.9-бейнефильмді қара). (Ә) Күн 
сәулесін абсорбциялайтын хлоро-
филдері орналасқан хлоропласттың 
ішкі мембраналарының жоғары ұй-
ымдасқан бейнесі (A, Preeti Dahiya 
сыпайлылығымен қолданылды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет