Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет103/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.46-суретте
және 
2.8-панельде
толық көрсетілген. Гликолиз, 
әрқайсысы әртүрлі аралық көмірсу түзетін және әртүрлі ферменттермен катализденетін, 
10 бөлек тізбекті реакциядан тұрады. 
2.46-сурет. 
Гликолиздің қысқаша сипаттама-
сы. 10 қадамның әрқайсысы әртүрлі фермент-
пен катализденеді. 4-қадамда алты-көміртегілі 
қант екі үш-көміртегілі қанттарға бөлінеді және 
келесі қадамдарда қанттар саны екі еселенеді. 
6-қадам гликолиздің энергия түзілуін бастай-
ды. Ерте кезеңде, энергия қажет ететін фаза, 
екі АТФ молекуласы гидролизденетіндіктен, 
гликолиздің толық өнімі әр глюкоза молекула-
сына 2 АТФ және 2 НАДН молекуласы болып 
табылады.
Гликолизде молекулалық оттегі 
қолданылмаса да, тотығу орын алады 
(глюкоза молекуласының құрамындағы 
көміртегі НАД
+
-тың көмегімен тотыға-
ды). Процестің қадамдық табиғатына 
байланысты энергия аз мөлшерлі бөлік-
тер түрінде бөлініп отырады. Сондықтан 
энергияның көп бөлігі активацияланған 
тасымалдаушы молекулалар түрінде 
сақталады. Сонымен қатар, тотығудан 
түзілетін энергияның бір бөлігі АТФ-тің 
тікелей АДФ пен Р
і
-дан синтезделуіне 
жұмсалады да, аздаған бөлігі НАДН-
тың құрамында электрондар түрінде 
қалады. 
Глюкозаның бір молекуласының ги-
дролизінен екі молекула НАДН түзіледі. Аэробты организмдерде НАДН өз электронда-
рын электрон тасымалдаушы тізбекке береді (14-тарау) және түзілетін НАД
+
гликолизде 
қайта пайдаланылады.


КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
93
Ашу кезінде оттегі жоқ жағдайда АТФ түзіледі
Көптеген жануарлар мен өсімдік клеткаларында гликолиз тағам молекулалары 
ыдырауының соңғы кезеңінің бастамасы болып табылады. Гликолизде түзілетін 
пируват клеткаларда тез арада митохондрияға тасымалданады. Митохондрияда ол СО
2
мен ацетил-КоА-ға айналады. Ацетил-КоА-ның ацетил тобы кейін СО
2
мен суға дейін 
ыдырйды. 
Керісінше, молекулалық оттегіні өңдей алмайтын, бірақ оттегісіз ортада өсіп, бөліне 
алатын көптеген анаэробты организмдер үшін гликолиз АТФ-тың негізгі көзі болып 
табылады. Қаңқа бұлшық еті сияқты жануарлардың кейбір ұлпалары молекулалық 
оттегі жетіспеген жағдайда өзінің қызметін жалғастыра алады. Осындай анаэробтық 
жағдайда пируват пен НАДН-тың электрондары цитозольде қалады. Пируват клеткадан 
сыртқа шығарылатын заттарға – мысалы, бұлшық етте лактатқа, ал нан ашыту және 
сыра қайнатуда қолданылатын ашытқыларда пируват этанол мен көмірқышқыл газына 
айналады. Осы процесс кезінде НАДН өз электрондарын береді де, НАД
+
-қа айналады. 
НАД
+
-тың осындай регенерациясы гликолиз реакцияларын жалғастыру үшін қажет 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет