Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет100/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.43-сурет
). 
2.41-сурет. 
Полисахаридтер, белоктар мен нуклеин қышқылдарының синтезі. Әр полимердің син-
тезі конденсация реакциясында су молекуласының жоғалуымен жүреді. Әр мономердің қосылуы 
алдында активациялануына қажетті жоғары энергиялы нуклеозид трифосфаттардың қолданылуы 
көрсетілмеген. Керісінше, қарама-қарсы реакцияда – әр полимердің ыдырауы – судың қосылуымен 
жүреді (гидролиз).


КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
89
2.43-сурет. 
РНҚ немесе ДНҚ 
полинуклеотидінің 
синтезі 
АТФ гидролизінің көмегімен 
іске асатын көпсатылы про-
цесс болып табылады. Бірінші 
қадамда, нуклеозид монофос-
фат АТФ құрамындағы шеткі екі 
фосфат тобының тасымалы 
арқасында активацияланады. 
Жоғары энергиялы аралық қо-
сылыс – нуклеозид трифосфат 
– өсіп жатқан ДНҚ немесе РНҚ 
тізбегімен әрекеттеспегенше 
(осы кезде пирофосфат бөлі-
неді) сұйықтықта бос жүреді. 
Пирофосфаттың бейорганика-
лық фосфатқа ыдырауы энер-
гия тұрғысынан тиімді және 
түзілген энергия полинуклео-
тид 
синтезін 
бағыттайды 
(көбірек ақпарат үшін 5-тарау-
ды қара).
Макромолекулаларды түзетін қайталмалы конденсациялық реакциялар түзілетін 
молекуланың екі шетінің бір ұшына ғана бағыттала алады: мономерлердің тізбектің 
басындағы полимеризациясы немесе соңындағы полимеризациясы. Басындағы поли-
меризация кезінде конденсациялық реакцияға қажетті реактивті байланысу учаскесі 
өсіп келе жатқан полимердің ұшында орналасады және ол әр мономер қосылған сайын 
регенерацияланып отырады. Тізбектің басында орналасқан әр мономерде, оған келесі 
мономердің жалғануын қамтамасыз ететін, белсенді байланысу учаскесі болады. Ал 
соңындағы полимеризацияда мономердің байланысу учаскесі оның өзін алдындағы 
тізбекке жалғау үшін қолданылады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет