Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет98/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.39-сурет.
 ФАДН
2
 НАДН пен НАДФН сияқты сутегі мен 
жоғары энергияның тасымалдаушысы болады. (A) 
ФАДН
2
құрылымы. Сутегі тасымалдаушы атомдар сары 
түспен таңбаланған. (Ә) ФАД-тан ФАДH2-нің түзілуі.


КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
87
АТФ фосфатты, НАДФН электрондар мен сутекті, ал ацетил-КоА екі көміртекті 
ацетил топтарын тасымалдайды. ФАДН
2
 (тотықсызданған флавинадениндинуклеотид), 
НАДН сияқты, электрондар мен протондар тасымалында қолданылады (
2.39-сурет
). 
Басқа активацияланған тасымалдаушы молекулалар метил, карбоксил немесе глюкоза 
топтарының тасымалы орын алатын реакцияларға қатысады (
2.3-кесте
). Осы акти-
вацияланған тасымалдаушылар АТФ гидролизімен жұптасқан реакцияларда түзіледі 
(
2.40-сурет
). Олардың топтарының биосинтетикалық реакцияларда қолданылуын 
қамтамасыз ететін энергия АТФ-ті түзетін катаболиттік реакцияларда түзіледі. Осын-
дай процестердің нәтижесінде клетканың нуклеин қышқылдары, белоктар мен полиса-
харидтер сияқты үлкен молекулаларының биосинтезі іске асады.
2.3-КЕСТЕ.
 Метаболизмде кең қолданылатын кейбір активацияланған тасымалдаушы 
молекулалар
Активацияланған 
тасымалдаушы
Жоғары энергиялы байланысты тасымалдайтын топ
АТФ
Фосфат 
НАДН, НАДФН, ФАДН
2
Электрондар мен гидрогендер
Ацетил-КоА
Ацетил тобы
Карбоксильденген биотин Карбоксил тобы
S-аденозилметионин
Метил тобы
Уридин дифосфат глюкоза Глюкоза 
Биологиялық полимерлердің синтезі АТФ гидролизімен іске асырылады
Клетканың макромолекулалары оның құрғақ массасының көп бөлігін құрайтынын біз 
айтып кеткенбіз (2.7-суретті қара). Молекулалар бір-біріне конденсациялық реакцияда 
(осы реакцияда реактанттардан судың құрамдас бөліктері ОН
-
пен Н
+
бөлінеді) жалға-
натын суббөліктерден (немесе мономерлерден) түзіледі. Керісінше, осы үш полимер-
лердің ыдырауы оларға судың ферментпен катализденетін реакция көмегімен қосылуы 
арқылы жүреді (гидролиз). Гидролиз реакциясы энергия жағынан тиімді, ал биосинте-
тикалық реакция энергияны қажет етеді.
Нуклени қышқылдары (ДНҚ мен РНҚ), белоктар мен полисахаридтер өсіп келе 
жатқан тізбектің ұшына мономерлердің жалғануы көмегімен түзіледі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет