Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет106/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.50-суретте
 АТФ-
тің жоғары энергиялы фосфоангидридтік байланыстарының басқа фосфаттық байла- 
ныстармен салыстырмасы көрсетілген. 
Организмдер қоректік молекулаларды арнайы қорларда сақтайды
Барлық организмдер өз клеткаларындағы биологиялық реттілікті сақтау үшін АТФ/
АДФ қатынасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуі керек. Жануарлар бел-
гілі уақытта ғана қоректенеді, ал өсімдіктер қараңғы уақытта тірі қалуы тиіс. Осыған 
байланысты өсімдіктер мен жануарлар қанттар мен майларды сақтауға қолайлы түрге 
айналдырады (
2.51-сурет
).
2.50-сурет. 
Фосфаттық байланыстардың энергиялары әртүрлі болады. Сол жақтағы молекулаларда 
гидролиздік сайттары белгіленген фосфаттық байланыстардың әртүрлі мысалдары келтірілген. Сұр 
көміртегі атомынан басталатын молекулалар тек жартылай көрсетілген. Осындай көміртегі атомы 
бар молекулалар мысалдары қалыпты бос энергия өзгерістерімен (килоджоуль есебімен) оң жақта 
бейнеленген. Бірінші молекула құрамындағы фосфаттық байланыс гидролизінің бос энергия өзгерісі 
G) екіншісі молекуладағы фосфаттық байланыс гидролизінің бос энергия өзгерісіне қарағанда теріс 
болған сайын жоғары энергиялы фосфат тобының бірінші молекуладан екіншісіне тасымалданылуы 
энергия жағынан тиімді болады. Сондықтан, қалыпты жағдайда фосфат тобы 1,3-дифосфоглицерат-
тан АДФ-ке оңай тасымалданылады және АТФ түзіледі (реактанттар мен өнімдердің салыстырмалы 
концентрациялары бос энергия өзгерісіне әсер ете алатын қалыпты жағдайлар әдетте тірі клеткаға 
қатысты болмайды). Гидролиз реакциясын фосфат тобының суға тасымалдануы ретінде қарастыруға 
болады.


КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
97
Ұзақ уақытқа созылған аштықты есесіне келтіру үшін жануарлар май қышқылдарын 
триацилглицеридтер атты суда ерімейтін май тамшылары түрінде сақтайды. Жануар-
лар триацилглицеридтерді адипоциттер деп аталатын маманданған май клеткаларында 
сақтайды. Қысқа уақытқа қанттар көптеген клеткалардың, соның ішінде бауыр мен 
бұлшық ет, цитоплазмаларында кіші түйіршіктер түрінде кездесетін және өте үлкен 
тармақталған гликоген атты полисахарид құрамындағы глюкоза түрінде сақтайды. 
Гликогеннің синтезі мен ыдырауы, қажеттіліктерге байланысты, тез арада реттеліп 
отрады. Клеткалар, өздері өндіре алатын АТФ мөлшерінен тыс энергияны қажет еткен 
жағдайда, гликогенді глюкозо-1-фосфат түзетін реакция көмегімен ыдыратады. Кейін 
глюкозо-1-фосфат гликолиздегі қолданысына байланысты глюкозо-6-фосфатқа айнала-
ды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет