94 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
2.48-сурет.
Гликолиздің 6-
және 7-қадамдарындағы
энергияның қор ретінде
сақталуы. (A) 6-қадамда
глицеральдегид-3-фосфат
дегидрогеназа ферменті
энергия тұрғысынан тиімді
альдегидтің
тотығуын
энергия тұрғысынан тиім-
сіз
жоғары энергиялы
фосфатты байланыс түзуге
жұмсайды. Сол уақытта ол
энергияның НАДН түрінде
сақталуын
қоздырады.
Жоғары энергиялы фосфат-
тық байланыстың түзілуі
тотығу реакциясымен іске
асырылады және фермент
осы жерде “ескекті дөңге-
лек”
жұптастырғыш қыз-
метін атқарады. 7-қадамда
1,3-дифосфоглицерат құра-
мындағы жоғары энергия-
лы фосфаттық байланыс
АДФ-ке тасымалданылады
да, АТФ түзіледі және
қантта
бос карбоксильдік
топ қалады. Молекуланың
өзгеріске ұшырайтын бөлі-
гі көк түспен таңбаланған;
молекуланың қалған бөлігі
реакция бойы өзгеріссіз
қалады. (Ә) 6- және 7-қа-
дамдарда
орын алатын
химиялық өзгерістің түйіні.
КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
95
теуге мүмкіншілік берді. 1930 жылдары реакциялардың барлық қадамдары зерттелген-
нен кейін гликолиздің толық жолы және ондағы АТФ-тың орталық рөл атқаратындығы
ашылды.
Гликолиз ферменттердің тотығуы энергияның қор ретінде сақталуымен қалай
жұптастырылатындығын көрсетеді
Гликолиз барысында АТФ-тің түзілуі ферменттердің энергетикалық тұрғыдан тиімсіз
реакцияларды тиімді реакциялармен қалай жұптастыратынын және сонымен қатар
тіршілік үшін маңызды көптеген реакцияларды қалай іске асыратындығын көрсетеді.
Гликолиздің орталық екі реакциясы (6 және 7 қадамдар) үш көміртегілі аралық гли-
церальдегид-3-фосфатты 3-фосфоглицератқа айналдырады (альдегид
тобы тотығады
да, карбоксильді топқа айналады). Толық реакциялар барысында АДФ-тің АТФ-ке ай-
налуына және альдегидтің екі электронын НАД
+
-қа тасымалдау үшін қажетті энергия
түзіледі (толық реакцияның
ΔG
0
көрсеткіші -12,5 кДж/моль).
Достарыңызбен бөлісу: