Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет109/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   330
99
2.53-сурет
Адамға азық 
бола алатын кейбір өсімдік 
дәндері. Жүгері, жаңғақ 
және бұршақтың барлығын-
да жас өсімдік ұрығына 
қажетті энергия мен поли-
мерлердің 
бірліктерімен 
қамтамасыз ететін крахмал 
мен майдың бай қоры бо-
лады (John Innes Foundation 
иелігі).
Көптеген жануарлар клеткалары тағам қабылдау арасында энергияны май 
қышқылдарынан алады
Тағам қабылдағаннан кейін жануарларға қажетті энергия тағаммен келген қанттардан 
алынады. Артық қанттар жұмсалған гликоген мөлшерін қалпына келтіру немесе май 
қорларын толықтыру үшін пайдаланылады. Түнгі аштықтан кейін таңертең организмге 
қажетті АТФ майлы ұлпаларында сақталған май қышқылдарының тотығуынан түзіледі.
Қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуі майлардың ыдырауын іске қосады. Адипо-
циттердегі май тамшыларында сақталған триацилглицеридтер гидролизденеді де, май 
қышқылдары мен глицерин түзеді. Кейін май қышқылдары қанмен дененің барлық 
клеткаларына жеткізіледі (
2.54-сурет
). Жануарлар қанттарды майларға оңай айналдыр- 
ғанымен, олар май қышқылдарын қанттарға айналдыра алмайды. Оның есесіне май 
қышқылдары тікелей тотыға алады. 
2.54-сурет. 
Жануарларда қор майлардың энергия өндіріліуі үшін мобильденуінің жолы. Қандағы 
глюкозаның төмен деңгейі май тамшыларындағы триацилглицерид молекулаларының май қышқылы 
мен глицеринге гидролизденуін қоздырады. Майлы қышқылдар қан ағымына енеді де, сарысу альбу-
минімен байланысады. Плазматикалық мембранадағы майлы қышқылдарды тотықтыратын арнайы 
майлы қышқыл тасымалдағыштары (мысалы, бұлшықет клеткалары) майлы қышқылдарды цитозо-
льге тасымалдайды. Келесі қадамда майлы қышқылдар энергия өндіру мақсатында митохондрияға 
тасымалданылады.


100 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Қанттар мен май қышқылдарының екеуі де митохондрияда ацетил-КоА-ға 
дейін ыдырайды
Аэробты метаболизмде цитозольде гликолиз кезінде түзілген пируват эукариоттық 
клетканың митохондриясына тасымалданылады. Митохондрияда пируват пируватде-
гидрогеназа кешені атты үшферменттік кешенмен декарбоксильденеді. Пируват декар-
боксильденуінің өнімдеріне СО
2
(қалдық өнім), НАДН молекуласы мен ацетил-КоА 
(2.9-панель) жатады. 
Қаннан қабылданған май қышқылдары митохондрияға жөнелтіледі де, олардың то-
тығуы толығымен осы органеллада іске асады (
2.55-сурет
). Май қышқылының әр моле-
куласы (активтелген ацил-КоА молекуласы) оның карбоксильді ұшынан, әр цикл сайын, 
екі көміртегі қалдығын үзетін қайталмалы реакциялар көмегімен толықтай ыдырайды. 
Әр цикл сайын ацетил-КоА-ның бір молекуласы түзіледі. Осы процесс барысында 
НАДН-тың бір және ФАДН
2
-нің бір молекуласы түзіледі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет