Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет129/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.6-суретте
 SH2 
атты белок доменінің төрт көрінісі келтірілген. Мұндай құрылым эукариоттық клет-
калардағы көптеген белоктарда кездеседі және олар клетканың сигналдық жүйесіне 
қатысады (15.46-сурет).
3.6-сурет. 
Кіші белок доменін құрылымын сипаттайтын төрт бейненұсқа. 100 амин қышқылының 
тізбегінен құрылатын SH2 домені көптеген әртүрлі белоктардың құрамына кіреді (мысалды 3.61-су-
реттен қарасаңыз болады). Осы суретте SH2 доменінің құрылымы (А) полипептидтік қаңқа моделі, 
(Ә) таспалық моделі, (Б) аминқышқылдық жанама тізбектері бар сызықты моделі және (В) кеңістік 
моделі ретінде келтірілген (
3.1-бейнефильм
). Осы суреттер полипептидтік тізбекті N-ұшынан (күлгін) 
C-ұшына (қызыл) қарай қарастыруға болатындай боялған (PDB коды: 1SHA).
α-спираль мен β-қатпар фолдингтің ортақ паттерндері болып табылады
Біз әртүрлі белоктардың үш кеңістіктікті құрылымдарын салыстырғанда әр белоктың 
соңғы конформациясы қайталанбас болғанымен, оларда ортақ екі фолдинг паттер-
ндерінің болатындығы байқалады. Фолдинг паттерндерінің екеуі де осыдан 60 жыл 
бұрын шаш пен жібектің құрамын зерттеу барысында анықталды. Бірінші α-спираль 
атты паттерн терінің шаш, тырнақ және мүйіз сияқты туындыларында кеңінен кездесетін 
α-кератин белогында табылды. α-спираль ашылғаннан кейін бір жылдың ішінде екінші 
β-қатпар атты паттерн жібектің негізін құрайтын фиброин белогында анықталды. Осы 
екі паттерн барлық белоктарға ортақ болып келеді, себебі олар полипептид қаңқасының 


БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
139
N-H және C=O топтарының арасындағы сутектік байланыстардың негізінде түзіледі 
және оған полипептидтің бүйір тізбектері қатыспайды. Бүйір тізбектері сәйкес болмаса 
да, кейбір амин қышқылдары оларды түзе алады. Әр жағдайда белок тізбегі қалыпты 
қайталамалы конформация құруға бейімделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет