БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
155
3. Құрылымың синтезінде орын алатын қателерден өте оңай сақтануға болады, се-
бебі жиналу барысында түзету механизмдері іске қосылады және қате суббөлік-
терді жоя алады.
Кейбір белок суббөліктері гексагональды паттерн құрайтын жалпақ қатпарларға
бірігеді. Маманданған
мембраналық белоктар, кейбір жағдайларда, осындай жолмен
липидтік қосқабатқа жиналады. Кейбір жеке суббөліктердің геометриясындағы аз ғана
өзгерістер көмегімен гексагональды қатпар түтікке (
3.26-сурет
) немесе тағы біраз өз-
герістердің арқасында іші қуыс сфераға айнала алады. Өзінің ішкі жағымен РНҚ мен
ДНҚ молекулаларын байланыстыратын осындай түтіктер мен сфералар вирустар қа-
бығын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: