3.26-сурет. Жалғыз белок суббөліктері көптік белок-белок қатынастарына қа- тысатын белок жиынтықтарын қалып- тастырады. Осы суретте көрсетілген
гексагоналдық тұрғыдан ұйымдасқан
глобулярлық белок суббөліктері жал-
пақ қатпарлар немесе түтіктер түзеді.
Негізінде, осындай кең құрылымдар
жалғыз «молекула» ретінде қарасты-
рылмайды. Керісінше, актин талшығы
сияқты, олар көптеген әртүрлі молеку-
лалар жиынтықтары ретінде қарасты-
рылады.
Сақина, түтік немесе сфера сияқты тұйық құрылымдар молекулаға қосымша
тұрақтылық қасиет береді, себебі оның суббөліктерінің арасындағы химиялық байла-
ныстардың саны өте көп болады. Осыған қоса, мұндай құрылымдар суббөліктер ара-
сындағы өзара тәуелді кооперативтік байланыстар
көмегімен түзілетіндіктен, жеке суббөліктегі салыс-
тырмалы түрде аз ғана өзгерістер жиналу немесе
ажырау процесін қоздыра алады. Мұндай принцип-
тер көптеген қарапайым вирустардың белоктық
қабықшасында немесе капсидінде орын алады.
Ол икосаэдр
түріндегі бос сфера түрінде кездеседі
(
3.27-сурет ). Вирустық нуклеин қышқылын қаптай-
тын әрі қорғайтын капсидтер, әдетте, жүздеген бір-
дей белоктық суббөліктерден тұрады (
3.28-сурет ).
Осындай капсидтегі белок, салыстырмалы түрде,
бейімделгіш құрылымға ие болуы тиіс: сфера құру
үшін ол көптеген әртүрлі байланыстарды қалыптас-
тырумен қатар вирус қожайын клеткасына енгеннен
кейін вирустық нуклеин қышқылының репликация-
сын инициациялау мақсатында өзінің құрылымдық
пішінін өзгерте алуы тиіс.
3.27-сурет. Вирустың белоктың капсиді. Маймылдың SV40 виру-
сының капсиді рентген сәулелік
кристаллография
көмегімен
анықталды және көптеген виру-
стардың капсидтері сияқты ол
атомдық тұрғыдан сипатталған
(Robert Grant, Stephan Crainic
және James M. Hogle рұқсатымен
қолданылды).