Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет144/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.26-сурет
Жалғыз белок суббөліктері 
көптік белок-белок қатынастарына қа-
тысатын белок жиынтықтарын қалып-
тастырады. Осы суретте көрсетілген 
гексагоналдық тұрғыдан ұйымдасқан 
глобулярлық белок суббөліктері жал-
пақ қатпарлар немесе түтіктер түзеді. 
Негізінде, осындай кең құрылымдар 
жалғыз «молекула» ретінде қарасты-
рылмайды. Керісінше, актин талшығы 
сияқты, олар көптеген әртүрлі молеку-
лалар жиынтықтары ретінде қарасты-
рылады. 
Сақина, түтік немесе сфера сияқты тұйық құрылымдар молекулаға қосымша 
тұрақтылық қасиет береді, себебі оның суббөліктерінің арасындағы химиялық байла-
ныстардың саны өте көп болады. Осыған қоса, мұндай құрылымдар суббөліктер ара-
сындағы өзара тәуелді кооперативтік байланыстар 
көмегімен түзілетіндіктен, жеке суббөліктегі салыс- 
тырмалы түрде аз ғана өзгерістер жиналу немесе 
ажырау процесін қоздыра алады. Мұндай принцип-
тер көптеген қарапайым вирустардың белоктық 
қабықшасында немесе капсидінде орын алады. 
Ол икосаэдр
түріндегі бос сфера түрінде кездеседі 
(
3.27-сурет
). Вирустық нуклеин қышқылын қаптай-
тын әрі қорғайтын капсидтер, әдетте, жүздеген бір-
дей белоктық суббөліктерден тұрады (
3.28-сурет
). 
Осындай капсидтегі белок, салыстырмалы түрде, 
бейімделгіш құрылымға ие болуы тиіс: сфера құру 
үшін ол көптеген әртүрлі байланыстарды қалыптас- 
тырумен қатар вирус қожайын клеткасына енгеннен 
кейін вирустық нуклеин қышқылының репликация-
сын инициациялау мақсатында өзінің құрылымдық 
пішінін өзгерте алуы тиіс.
3.27-сурет. 
Вирустың белоктың 
капсиді. Маймылдың SV40 виру-
сының капсиді рентген сәулелік 
кристаллография 
көмегімен 
анықталды және көптеген виру-
стардың капсидтері сияқты ол 
атомдық тұрғыдан сипатталған 
(Robert Grant, Stephan Crainic 
және James M. Hogle рұқсатымен 
қолданылды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет