202 3-тарау. Белоктар
Иондық градиент тудыратын басқа иондық насостар сияқты олар АДФ-тен АТФ түзілуін
катализдей алады. Осындай насосқа АТФ-синтаза ферментін жатқызуға болады. Ол
электрон тасымалы тізбегінен түзілетін протон концентрациясын
пайдалана отырып
тіршілік әлемінде қолданылатын АТФ-тің басым бөлігін синтездейді.
Белоктар, көп жағдайда, белоктық машиналар қызметін атқаратын үлкен
кешендер түзеді
Көптеген домендерден тұратын үлкен белоктар, кіші
белоктарға қарағанда, күрделірек қызмет атқара ала-
ды. Бірақ, белок жиынтықтары бір-бірімен ковалентті
емес байланыстар арқылы бірігетін көптеген белок
молекулаларынан тұрады.
Қазіргі таңда көптеген
процестерді зертхана жағдайында клеткадан тыс
жүйеде құруға болады. Клеткадағы орталық процес-
тер – ДНҚ репликациясы, белок синтезі, көпіршіктің
ажырауы немесе сигналдардың мембрана арқылы та-
сымалдануы – жоғары деңгейде үйлестірілген 10-нан
астам белоктардан құралған
кешендермен іске асы-
рылады. Осындай
белоктық машиналарда энергия
жағынан тиімді (АТФ немесе ГТФ гидролизі) реакция
бір немесе бірнеше суббөліктерде конформациялық
өзгерістер тізбегін қоздырады.
Осындай жолмен әр
фермент қажетті ауданға жеткізіледі де, күрделі реак-
ция іске асырылады (
Достарыңызбен бөлісу: