Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет186/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   330
3.78-су-
ретте
көрсетілген. Әрекеттесетін белоктардың спецификалық жиынтығын байланыс- 
тыру немесе ұштастыру көмегімен осы скаффолдтық белоктар маңызды реакциялар 
деңгейін күрт арттыра алады. Осыған байланысты клеткалар скаффолдтық РНҚ моле-
кулаларын түзе алады (7-тарауда қарастырылған).
3.78-сурет. 
Скаффолдтық белоктармен қалыптасатын жақындастық клеткадағы реакцияларды 
шапшаңдатады. Осы мысалда үлкен скаффолдтық белоктағы полипептидтік тізбектің ұзын ұйымдас-
паған аудандары әрекеттесетін белоктар жиынтығын байланыстыратын ұйымдасқан домендер 
қатарын ұштастырады. Ұйымдаспаған аудандар скаффолдпен байланысқан барлық белоктардың 
кездейсоқ шапшаң соқтығыстарын тудыру арқылы реакциялардың деңгейін күрт арттыратын иілгіш 
«байланыстырушылар» қызметін атқарады (белок байланыстырушыларының спецификалық мысал-
дарын 3.54- және 16.18-суреттерден қараңыз; скаффолдтық РНҚ молекулаларын 7.49Ә-суретінен 
қараңыз).
Көптеген белоктар оларды клеткадағы спецификалық сайттарға бағыттайтын 
коваленттік модификациялармен реттеледі
Біз белоктардың пост-трансляциялық модификациясының бірнеше жолын талқыла-
дық. Осындай модификациялардың көптеген түрлері болады. Қазіргі таңда модифика-
циялардың саны 200-ге жетеді. Олардың түрлерін көрсету үшін 
3.3-кестеде
реттегіш 
рөлдері белгілі бірнеше модификациялаушы топтарға сипаттама берілген. Осы топтар 
фосфат пен убиквитин сияқты клетка қажеттіліктеріне байланысты белоктарға қосыла-
ды немесе ажыратылады.
Қазіргі таңда бірнеше аминқышқылдық бүйір тізбегі модификацияға ұшырайтын 
көптеген белоктар белгілі. Мысал ретінде клетканың әртүрлі жағдайларға жауабын рет-
тейтін р53 белогын алуға болады. Молекулалық қосылулардың 4 түрінің бір жолымен 
бұл белок әртүрлі 20 сайтта модификациялана алады. Модификацияланудың көптеген 
түрлері мүмкін бола алатындықтан белоктың әрекеті көптеген жолдармен өзгертіле 
алады. Осындай өзгерістер нәтижесінде белок бетінде оны скаффолдтық белокпен бай-
ланыстыратын сайттар қалыптасады. Соның арқасында көптеген белоктар скаффолд 
негізінде клетканың қажетті ауданында үлкен белоктық кешен түзеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет