206 3-тарау. Белоктар
суреттің оң жағындағы төменгі бұрышында көрсетілген. Субстратты байланыстырушы
қол қызметін атқаратын Ғ-бокс белогы адаптор белок 2-мен (Skp1 белогы) байланы-
сатын 15 әртүрлі геннің өнімінен құрылады. Суреттің жоғары және сол жағында
сары
және
жасыл түспен қосымша белоктық қатынастар белгіленген. Біз осы суретті пайда-
лана отырып, карталардың қолданылуын түсіндіруге тырысамыз:
1. Белоктардың әрекеттесу картасы сипатталмаған белоктардың
функциясын
анықтау үшін пайдалы. Мысал ретінде ұзақ
уақыт бойы тек ашытқыларда
кездеседі деп саналған үш белокты кодтайтын генді (Y әрпінен басталатын ақ
әріптер) келтіруге болады. Осы диаграммадағы үш белок Skp1-мен байланыса-
тын белоктар болып табылады. Олар убиквитин лигазаның құрамында субстрат
байланыстырушы қол қызметін атқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: