Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет192/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   330
М3.1-суретінде
көрсетілген. Сіз осы доменді сызықты немесе қосылатын домен түрінің қайсысына 
жатқызасыз?
3.11 
Титиннің молекулалық массасы 3х10
6
және 
ол қазіргі таңда сипатталған ең үлкен полипептид 
болып табылады. Титин молекуласы бұлшықеттің 
жуан филаментінен Z дискке дейін созылады; олар 
жуан филаменттерді саркомердің ортасында ұстап 
тұратын серіппе қызметін атқарады. Титин ұзын-
дығы 4 нм болатын доменге ширалатын 89 амин қышқылының қалдығынан тұратын 
иммуноглобулиннің (ИГ) көптеген тізбектерінен тұрады (
М3.2А-сурет
). 
Сіз титиннің серіппелік қасиеті жеке ИГ домендерінің сызықты күйге ауысуына 
(немесе рефолдинг) байланысты болатынын болжайсыз. Өз болжауыңызды сіз атомдық 
күш микроскопының көмегімен тексересіз (осы микроскоп белоктың бір ұшын ұстап, 
екіншісі нақты тіркеле алатын күшпен тартуға мүмкіншілік береді).7 ИГ домені бар 
титин фрагментіне іске асырылған тәжірибе сізге күш пен ұзару қатынасына негізделген 
араның жүзі тәрізді қисығын береді (М3.2Ә-сурет). Егер тәжірибе 8М мочевина (белок 
денатуранты) сұйықтығында қайталанса, диаграммалық қисықтағы шыңдар жоғалады 
және өлшенген ұзару берілген күш үшін жоғарырақ болады. Егер белокты көлденеңінен 
глутаральдегидпен байланыстырып, тәжірибені қайталаса, қисықтағы шыңдар 
жоғалады, бірақ ұзару мөлшері азаяды.
М3.1-сурет.
D.dendroides-тің галактоза оксидазасының 
қайталмалы келч домені (3.10-мәселе). Жеті жеке β-про-
пеллер түспен белгіленген және таңбаланған. N- және 
C-ұштары N және C әріптерімен белгіленген.


210 3-тарау. Белоктар
А. 
Алынған мәліметтер сіздің 
гипотезаңыз немесе болжауыңызға сай 
ма? Жауабын түсіндіріңіз.
Ә.
Әр мүмкін болатын доменнің 
сызықты күйге ауысу жағдайының 
ұзару өлшемі сіз күткен аралық бола ма? 
(ұзарған полипептидтік тізбекте амин 
қышқылдарының арасы 0,34 нм-ге ұзарады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет