Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Осындай компле- ментарлық жұптасу негізінде жұп негіздер



Pdf көрінісі
бет200/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.4-сурет
). Осындай компле-
ментарлық жұптасу негізінде жұп негіздер қос спиральда энергиялық тұрғыдан ең 
ұтымды жағдайда бірігеді. Осы қалыпта қос спиральдағы нуклеотидтер арасы бірдей 
қашықтық түзеді және қант-фосфаттық қаңқадағы қалдықтар тұрақты қашықтықта 
орналасады. Жұптасудың эффективтілігін арттыру мақсатында қант-фосфаттық қаңқа 
бірін-бірі айналып орналасады және спиральдағы әрбір айналымда он нуклеотид қал-
дықтары орналасады (
4.5-сурет
).
4.4-сурет. 
ДНҚ-ның қос тізбекті спираліндегі 
комплементарлы жұп негіздер. Азоттық негіз-
дердің пішіні мен химиялық құрылысы сутектік 
байланыстардың тек А мен Т және Ц мен Г 
арасында түзілуіне ғана мүмкіншілік береді. 
(2.3-панельді қараңыз). А мен Т арасында екі, ал 
Ц мен Г арасында үш сутектік байланыс түзіледі. 
Азоттық негіздер осы жолмен жұптасуы олар 
орналасқан екі тізбек бір-біріне антипараллель 
болған жағдайда ғана мүмкін болады. 
Қос спираль құрамындағы әрбір негіз-
дерінің мүшесі спираль құрамындағы екі 
тізбек бір-біріне антипараллель болған 
жағдайда ғана бір-біріне сай келеді. ДНҚ 
молекуласының жұптық негіз құруының 
талабына ДНҚ-ның әр тізбегінің құра-
мындағы нуклеотидтер тізбегінің екінші 
тізбектегі нуклеотидтерге нақты комплиментарлы болатынын жатқызуға болады. 
ДНҚ құрылымы тұқым қуалау механизмін ұсынады
ДНҚ құрылымының ашылуы тұқым қуалаудың негізгі екі сұрағына жауап берді. Бірін-
шісі, организмді анықтайтын ақпарат қалай және қандай химиялық күйде болады? Екін-
шісі, осы ақпарат қалай дупликацияланады және ұрпақтан ұрпаққа қалай көшіріледі? 
Бірінші сұрақтың жауабы ДНҚ-ның төрт түрлі бірліктен тұратын ұзын сызықты по-
лимер болатындығынан шығады. 
Екінші сұрақтың жауабы ДНҚ-ның қостізбекті құрылымдық табиғатынан шығады: 
әр тізбектегі нуклеотидтер басқа тізбектің нуклеотидтеріне комплементарлы болатын-
дықтан әр тізбек матрица  ретінде қолданыла алады. Егер әр тізбекті S және S’ деп 
белгілесек, S тізбек S’ тізбектің синтезі, ал S’ тізбек S тізбегінің синтезіне бастама бола 


ДНҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет