Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


Б. Неге М3.2Ә-суретіндегі әр шың алдындағы шыңға қарағанда биігірек болады? В



Pdf көрінісі
бет193/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   330
Б.
Неге М3.2Ә-суретіндегі әр шың алдындағы шыңға қарағанда биігірек болады?
В
Неге әр шыңнан кейін күштің кенеттен күйреуі орын алады?
3.12 
Раус саркома вирусы (Rous Sarcoma Virus – RSV) клетканың созылмалы 
пролиферациясына әкелетін тирозин киназаны кодтайтын Src атты онкогенді 
тасымалдайды. Қалыпты жағдайда, Src-де оның плазматикалық мембрананың 
цитоплазмалық жағына бекінуге мүмкіншілік беретін майлы қышқылы (миристоилат) 
болады. Src-дің мутантты түрі мембранамен байланыса алмайды. Қалыпты немесе 
мутантты клеткалардың RSV-мен инфекциялануы тирозин киназаның жоғары 
экспрессиясына әкеледі, бірақ мутантты Src гені пролиферацияны тудырмайды.
А.
Барлық қалыпты Src-дің плазматикалық мембранамен байланысқан, ал 
мутантты Src-дің цитоплазмада шашыраңқы орналасқанын болжай отырып, олардың 
плазматикалық мембрананың жанындағы салыстырмалы концентрацияларын есептеңіз. 
Осы есептеу үшін клетканы радиусы (r) 10 мкм болатын шар, ал қалыпты Src-дің 
мембрананың астында қалыңдығы 4 мкм жуан қабатта орналасқан деп алыңыз [осы 
мәселе үшін мембрананың қалыңдығын ескермеңіз. Шардың көлемі (4/3)πr
3
].
Ә.
Src-дің фосфорильдену нысанасы мембранада орналасады. Мутантты Src-дің 
клетка пролиферациясын тудырмайтынын сипаттаңыз.
3.13 
Антидене басқа белокпен тепе-теңдің тұрақтысы (К) 5*10
9
М
-1
болған 
жағдайда байланысады. Ол басқа ұқсас белокпен байланысқан жағдайда антидене мен 
екінші белоктың арасында үш сутектік байланысқа кем түзіледі де (бірінші белокпен 
салыстырғанда), оның байланысу аффинділігі 10,9 кДж/моль-ге азаяды. Екінші белок 
байланысуның тепе-теңдің тұрақтысы қандай? (бос энергия өзгерісі тепе-теңдің 
тұрақтысымен келесі тепе-теңдік арқылы қатысты: ΔG
0
= -2,3 RT log K, бұл жерде 
R=8.3*10
-3
кДж/(моль К) және T=310 K).
3.14 
SmpB белогы бактерияларда зақымданған мРНҚ-дан түзілген толық емес 
белоктарды жою мақсатында тРНҚ-лардың арнайы тмРНҚ түрлерімен байланысады. 
Егер SmpB белогының тмРНҚ-мен байланысуы тмРНҚ-ның байланысқан фракциясы 
мен SmpB концентрациясының қатынасы ретінде көрсетілсе, ол симметриялық S-тәрізді 
қисығын береді (
М3.3-сурет
). Осы қисық К
d
мен концентрация арақатынасының өте 
пайдалы көрінісі болып табылады. Байланысқан лиганд фракциясының жалпы теңдігі 
К
d
тепе-теңдігінде ([L
TOT
-L]) бөлігін ([Pr-L]) бөлігіне алмастырудан шығады: К
d
=[Pr][L]/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет