Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет201/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

219
алады (
4.6-сурет
). Сонымен, ДНҚ-дағы генетикалық ақпарат, тізбектер ажырағаннан 
кейін, әр тізбектегі ақпарат көмегімен көшіріле алады.
4.5-сурет. 
ДНҚ-ның қос спиралі. (A) ДНҚ қос спиралінің 1,5 айналымының кеңістік моделі. Әр ай-
налым шамамен 10,4 нуклеотидтен тұрады және көршілес нуклеотидтер арасы 0,34 нм-ді құрайды. 
Екі тізбектің спиральдануы қос спиральда екі ойыс болады: кеңірек ойыс үлкен ойыс, ал кішісі кіші 
ойыс деп аталады. (Ә) Төрт негізді көрсететін қысқа қос спиральдің жағынан көрінісі. Нуклеотидтер 
бір-бірімен фосфодиэфирлік байланыспен ковалентті жалғанады. Осы байланыс бір нуклеотидтің 
3’-гидроксил тобы мен келесі нуклеотидтің 5’-гидроксил тобын байланыстырады. Нәтижесінде әр 
тізбектің химиялық полярлығы – оның екі ұшы химиялық тұрғыдан әртүрлі болады. Әдетте ДНҚ поли-
мерінің 5’-ұшын фосфат тобымен, ал 3’-ұшын гидроксил тобымен белгілейді. 
4.6-сурет.
 ДНҚ өз дупликациясы үшін матрица ретінде қызмет атқарады. А нуклеотиді тек Т-мен 
және Г нуклеотиді тек Ц-мен жұптасатындықтан, ДНҚ-ның әр тізбегі комплементарлы тізбектің ну-
клеотидтерін анықтайтын матрица ретінде қызмет атқара алады. Осы жолмен ДНҚ-ның қос спиралі 
жоғары нақтылықпен көшіріле алады және әр ата-аналық ДНҚ спиралі екі бірдей еншілес ДНҚ спи-
ральдарын түзеді.


220 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
ДНҚ-дағы әр тізбектің комплементарлық қасиеті тіз-
бектің синтезінде матрица болу қабілетін, яғни клеткаға 
көшірілу немесе репликациялану қасиетін береді. Біз осы 
процесті 5-тарауда талқылаймыз.
Организмдер бір-бірінен ДНҚ молекулаларының 
құрамындағы нуклеотидтердегі ақпараттың әртүрлі бо-
латындығына сәйкес әртүрлі болады. Бірақ нуклеотидтер 
әліппесі ақпаратты құрастыру үшін қалай қолданылады?
ДНҚ құрылымының ашылғанына дейін гендерде 
белоктарды синтездеуге қажетті нұсқаулардың болатын-
дығы белгілі болды. Егер гендер ДНҚ-дан құрылса, онда 
ДНҚ-да белоктарды кодтаудың бір амалы болуы тиіс еді 
(
4.7-сурет
). 3-тараудың мәліметтеріне сай белоктардың 
белсенділігі олардың үшкеңістіктік құрылымына тәуелді 
болады. Ал олардың үшкеңістіктік құрылымы, өз кезегін-
де, полипептид құрамына кіретін амин қышқылдарының 
сызықты тізбегіне сәйкес болады. Гендегі нуклеотидтер 
тізбегі белоктағы амин қышқылдарының тізбегін кодтауы 
тиіс. ДНҚ-ның төрт әріптік әліппесінің белоктардың 20 
аминқышқылдық әліппесіне сай болуы генетикалық код 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет