Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет197/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   330
214 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
II
бөлім
НЕГІЗГІ ГЕНЕТИКАЛЫҚ 
МЕХАНИЗМДЕР
ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4-
тарау
ОСЫ ТАРАУДА
ДНҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ
ХРОМАТИН ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
Тіршілік клеткалардың тірі организмді қалыптастыру мен оны қалпында сақтауға 
қажетті генетикалық нұсқауларды сақтау, оқу және трансляциялау қабілетіне тәуелді 
болады. Осындағы тұқым қуалау ақпараты клетканың бөлінуі кезінде клеткадан ен-
шілес клеткаларға немесе организмнің бір ұрпағынан келесі ұрпағына жыныс клетка-
лары арқылы тарайды. Әрбір тірі клеткадағы нұсқаулар – гендер – түрлердің және түр 
ішіндегі жеке дара организмдердің қасиеттерін анықтайтын құрамында ақпараты бар 
элементтер түрінде сақталады. 
ХХ ғасырдың басында генетика жеке ғылым ретінде бөліп дами бастаған кезде зерт-
теушілер гендердің химиялық құрылымына қызыға бастады. Гендердегі ақпарат муль-
тиклеткалық организмнің тіршілігі барысында миллиондаған рет бастапқы клеткадан 
еншілес клеткаларға таралып отырады және ол ақпараттарды өзгеріссіз тасымалдауға 
ұмтылады. Молекуланың қандай түрі сондай нақты, әрі шексіз репликация мен ретте-
луді және көпклеткалық даму мен әр клетканың күнделікті тіршілігін бағыттап отыруға 
қабілетті бола алады? Генетикалық ақпаратта қандай нұсқаулар болады? Организмнің 


215
дамуы мен тіршілігіне қажетті көптеген шексіз ақпарат кішкентай клеткаға қалай сыя 
алады?
Мұндай сұрақтардың жауаптары 1940 жылдары пайда бола бастады. Осы кездерде 
зерттеушілер саңырауқұлақтарға жасалған зерттеулер негізінде генетикалық ақпаратта 
белоктарды синтездеудің нұсқаулары болатындығын дәлелдеді. Белоктар клетка функ-
циясының көпшілігін қалыптастыратын әмбебап макромолекулалар болып табылады 
және клеткалардың қасиеттері мен функциясы олар синтездей алатын белоктарға бай-
ланысты болады. 
ХІХ ғасырдың соңында клеткалар мен эмбриондарға жасалған маңызды зерттеулер 
тұқым қуалау ақпаратының хромосомаларда – эукариоттық клеткалардың ядроларын-
дағы жіптәрізді құрылымдар – болатынын анықтады (
4.1-сурет
). Кейінірек, биохимия- 
лық әдістердің дамуына байланысты хромосомалардың дезоксирибонуклеин қышқылы 
(ДНҚ) мен белоктан тұратыны анықталды. Ұзақ уақыт бойы ДНҚ тек құрылымдық 
элемент деп саналды. Дегенмен, 1940 жылдары генетикалық ақпараттың ДНҚ-да сақта-
латындығы анықталды. Мұндай жетістіктер бактериялардың тұқым қуалауын зерттеу 
нәтижесінде қолжетімді болды (
4.2-сурет
). Бірақ, 1950 жылдары белоктар ДНҚ-дағы 
нұсқаулармен қалай анықталатыны және осы ақпарат клеткадан клеткаға қалай тарай-
тыны толықтай белгісіз болып келді. 1953 жылы осы сиқыр өз шешімін тапты. Джеймс 
Уотсон мен Фрэнсис Крик ДНҚ құрылымын ашты. ДНҚ-ның қос спираль түрінде бола-
тындығының анықталуы осы молекуладағы ақпараттың қалай көшірілетіні немесе ре-
пликациялатыны төңірегіндегі мәселелердің басын ашып берді. Сонымен қатар, оның 
құрылымы ДНҚ тізбегінің белоктарды синтездеуге қажетті нұсқауларды қалай кодтай 
алатындығы туралы мәліметтер берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет