ХРОМАТИННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
243
тердің әрекетін реттейді. Осындай жолмен ДНҚ тізбегі гистондардың қалай модифика-
цияланатындығын анықтайды. Бірақ, кейбір жағдайларда нуклеосоманың коваленттік
модификациялары транскрипциялық факторлар ажырағаннан кейін ұзақ уақытқа сақта-
ла алады және клеткаға оның даму тарихының сақталуын қамтамасыз етеді.
4.34-сурет.
Ядролық гистондар құйрықтарының модификациялары. (A) Сегіз гистондық N-ұшының
құйырықтарының (
жасыл) алғашқы 30 амин қышқылын көрсететін нуклеосоманың құрылымы. Осы
құйрықтар ұйымдаспаған, жоғары деңгейде мобильді және өзінің құрылымын байланысқан белокқа
орай өзгерте алады. (Ә) Гистондық ядролық төрт белогының жақсы зерттелген модификациялары
көрсетілген. Метилденуді (М) көрсету үшін тек бір әріп қолданғанымен, әр лизин (К) немесе аргинин
(R) бірнеше әртүрлі жолмен метильдене алады. Кейбір аудандар (мыс, Н3 белогының Лиз9) метил-
дене немесе ацетилдене (бірақ бір мезгілде емес) алатынына назар аударыңыз. Көрсетілген әр мо-
дификация гистон құйрығына салыстырмалы түрде кіші молекула қосады; ерекшелікке тек 76-амин
қышқылынан тұратын убиквитин белогы жатады. Гистондардың глобулярлық ядросында орын ала
алатын 20-дан астам мүмкін болатын модификациялар көрсетілмеген (A, PDB: 1 KX5; Ә, H. Santos-Rosa
and C. Caldas,
Eur. J.
Cancer 41: 2381-2402, 2005 көзінен Elsevier рұқсатымен қолданылды).
Коваленттік модификациялардың әртүрлі паттерндері нуклеосоманың әртүрлі
топтарында анықталды. Осы паттерндер олардың геномдағы нақты орны мен клетка
тарихына тәуелді болады. Гистондардың модификациялары өте қатаң бақыланады
және олардың салдары өте маңызды орын алады. N-ұшындағы лизиннің ацетильде-
нуінен хроматин босайды, себебі ацетил тобының қосылуы оның теріс зарядын бей-
тараптайды. Дегенмен, гистондар модификациясының ең маңызды қасиетіне олардың
хроматинге басқа белоктардың тартылуын арттыратындығы жатады. Н3 гистонның
құйрығындағы лизиннің триметильденуі гетерохроматинге
спецификалық болатын
НР1 белогын тартады және ол гетерохроматиннің тұрақтануына және таралуына үлес
қосады. Жалпылай атқанда, тартылатын белоктар модификацияланған гистонмен әре-
кеттеседі де, гендердің қайда және қашан экспрессияланатынын анықтайды. Осындай