Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет223/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.36-сурет
). Әдетте осы домендер гистондар модификациялары-
ның комбинацияларын танитын жалғыз үлкен белок немесе белоктық кешендер құра-
мында бір-бірімен модуль ретінде байланысады (
4.37-сурет
). Нәтижесінде ридер ке-
шені түзіледі. Ол хроматиндегі таңбалардың комбинацияларына қосымша белоктарды 
өзіне тартуға немесе байланыстыруға жағдай жасайды және қажетті уақытта белгілі бір 
биологиялық функцияны іске асыруға мүмкіншілік тудырады (
4.38-сурет
). 
4.36-сурет. 
Hуклеосомадағы таңба қалай оқылады. Суретте спецификалық түрде 4-лизиндегі триме-
тилденген Н3 гистонын танитын белок модулі (ING PHD домені деп аталады) көрсетілген. (А) Триметил 
тобы. (Ә) Гистонның құйрығымен (жасыл, триметил тобы сары түспен таңбаланған) байланысқан ING 
PHD доменінің кеңістік моделі. (Б) Н3 гистонның N-ұшындағы алты аминқышқылдық құйрықты көрсе-
тетін таспалық модель. Қызыл сызықтар сутектік байланыстарды көрсетеді. Бұл гистондардағы ме-
тилденген лизиндерді танитын PHD домендер туыстастығының бір өкілі болып отыр; туыстастықтың 
әртүрлі өкілдері әртүрлі аудандарда орналасатын лизиндерді таниды және олар моно-, ди- және 
триметилденген лизиндерді ажыратады. Ұқсас жолмен басқа кіші белоктық домендер гистондардың 
ацетил, фосфат және т.с.с топтармен таңбаланған жанама тізбектерін анықтайды (P.V. Pena et al., 
Nature
442: 100-103, 2006 көзінен Macmillan Publishers Ltd. рұқсатымен қолданылды).


246 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Нуклеосомадағы таңбалар гистондарға коваленттік қосылыстардың байланысуы 
арқасында динамикалық болады және олардың хромосомадағы орнына байланысты 
деңгейде тұрақты түрде хромосомадан алынады және қосылады. Гистондардың құй-
рықтары хроматиннің жоғары конденсацияланған жағдайында да нуклеосома ядро-
сынан шығып тұратындықтан, олар клетканың қажеттілігіне сай өзгертіле алатын 
таңбалардың жақсы нысанасы бола алады. Дегенмен, гистондар модификацияларының 
көпшілігін әлі түсіну қажет, ал Н3 гистонының құйрығында кодталатын ақпарат бойын-
ша мысалдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет