248 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
(ағылшын тілінде erase – өшіру, жою) кешенмен байланысады. Модификациялардың
жойылуын да тізбек-спецификалық ДНҚ-байланыстырушы белоктар қадағалайды.
4.40-сурет.
Ридер-райтер кешенінің хромосома бойында хроматин өзгерістерін тарату жолы.
Райтер төрт нуклеосомалық гистондардың біреуінде немесе бірнешеуінде спецификалық модифи-
кацияларды тудыратын фермент болып табылады. Ол хромосоманың спецификалық сайтына транс-
крипциялық реттегіш белок арқылы тартылады және райтер ридермен қосылып, оның таңбасын ну-
клеосомадан басқа нуклеосомаға таратады. Осы механизм іске асу үшін ридер белогы райтер түзетін
гистон модификациясын тануы тиіс. Осы сызбанұсқада хроматин конденсациясының таралу толқыны
индукцияланған. Қатысатын қосымша белоктар, соның ішінде, модификацияланған нуклеосоманың
орнын ауыстыруға қажетті АТФ-тәуелді хроматин ремодельдеуші кешен көрсетілмеген.
Бөгеттік ДНҚ тізбектері ридер-райтер кешендерінің таралуын тежейді және
көршілес хроматин домендерін ажыратады
Хроматинді тарататын механизмдер кейбір қиыншылықтар мен мәселелер тудырады.
Егер әр хромосома созылмалы өте ұзын ДНҚ молекуласынан тұрса, онда құрылымы
мен функциясы әртүрлі болатын хроматин домендерінің
арасындағы шатасуды қай
ХРОМАТИННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
249
фактор болдыртпайды? Позицияның мозаикалық эффектісіне жасалған алғашқы зерт-
теулер осы сұрақтың жауабын болжауға мүмкіншілік берді: белгілі бір ДНҚ тізбектері
хроматин домендерінің шекарасын белгілейді және домендерді ажыратады. Қазіргі
таңда осындай
бөгеттік тізбектердің бірнеше өкілі гендік инженерия тәсілінің көме-
гімен анықталды және сипатталған.
Мысалы, қанның қызыл клеткаларына бастама беретін клеткаларда HS4 атты тізбек
адамның β-глобин локусы орналасқан белсенді хроматин доменін көршілес конденса-
цияланған доменнен бөледі. Осы тізбек делецияға ұшыраған жағдайда β-глобин локу-
сына конденсацияланған хроматин бөлігі енеді. Нәтижесінде конденсацияланған хро-
матин геннің белсенділігін тоқтатады және басқа аудандарға және басқа клеткаларға та-
райды да, позицияның мозаикалық эффектісін тудырады. Мұндай делецияның салдары
ауыр болады: глобин гені өте төмен деңгейде экспрессияланады және адам анемияның
өткір формасына шалдығады.
Генетикалық инженерия тәжірибелерінде HS4 тізбегі, әдетте, сүтқоректілер геномы-
на енгізілетін геннің екі жағына жалғанады да, генді таралатын хроматиннен сақтайды.
Осы бөгеттік тізбектің зерттелуі нәтижесінде оның құрамында гистондық ацетилаза
ферменттерінің байланыстыру сайтының болатындығын көрсетті. Лизиннің ацетиль-
денуі метильденумен (хроматиннің таралуы метилденуді қажет етеді) бірге орын алуы
мүмкін емес екендігіне байланысты гистондық ацетилазалар
хроматин таралуының
ДНҚ-лық бөгеттері болуы әбден мүмкін (
Достарыңызбен бөлісу: