ХРОМАТИННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
253
алынған ядролар жаңа толық итбалық түзу мақсатында
қайта бағдарлана алатынын
көрсетті. Бірақ, қайта бағдарлану көптеген қиыншылықтар арқылы іске асады, себебі
ядро кәрі клеткадан алынады. Мысалы, итбалықтың эпителиальдық клеткаларының
ядросымен алмастырылған клеткалардың тек 2%-ы ғана жүзетін итбалық сатысына
дейін дамиды, ал ядро доноры ретінде эмбриондық дамудың ерте кезеңіндегі (гаструла
кезеңіндегі клетка) клетка ядросынан алынған жағдайда осы көрсеткіш 35%-ға дейін
жетеді. Жаңа тәжірибелік құралдар көмегімен қайта бағдарлануға
төзімділікті бақы-
лауға болады. Дифференциацияланған ядродағы хроматиндік құрылымдар тұрақты
болады және олар эмбриондық даму кезеңіне қажетті көптеген бөліну циклдарына та-
сымалданады.
Xenopus бақасына жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде репрессивті
немесе белсенді хроматин құрылымдары клеткалық бөлінудің 24 циклы барысында
тұрақтылық көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: