250 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Центромералардағы хроматин варианттық
гистондардың спецификалық
құрылымдарды қалай түзетінін көрсетеді
Варианттық гистондары бар нуклеосоманың ерекше қасиеттері болады және ол хро-
матинде ұзақ уақыт бойы сақталатын таңбаларды тудыра алады. Маңызды құбылыс
цетромерадағы маманданған хроматин құрылымының қалыптасуы мен тұқым қуала-
уында байқалады. Көптеген күрделі организмдерде әр
центромера интерфаза бойы
қалыпты түрде болатын арнайы
центромералық хроматин жіпшесімен байланыста
болады. Осындай хроматиннің құрамына CENP-A (Centromere Protein A) центромера
спецификалық Н3 варианттық гистон мен нуклеосомаларды кинетохор түзу мақсатын-
да, салыстырмалы түрде, тығыз күйге қаптайтын қосымша белоктар кіреді.
Ұзындығы, шамамен, 125 нуклеотидтер жұбынан тұратын ДНҚ тізбегі ашытқыларда
центромера қызметін атқару үшін жеткілікті болады. Оның көлемінің шағын болуына
қарамастан, ДНҚ-ның осы тізбегімен көптеген белоктар байланысады: CENP-A Н3
варианттық гистон және тағы да басқа үшядролық гистон центромералық нуклеосома-
ны қалыптастырады. Ашытқы центромерасындағы қосымша белоктар осы нуклеосо-
маны ашытқылардың митотикалық ұршығының жалғыз микро түтікшесіне жалғайды
(
Достарыңызбен бөлісу: