Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет232/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.49-сурет
).
4.48-сурет. 
Интерфазалық хромосомаларда ілмектердің орнын анықтайтын әдіс. Хромосомалар 
конформациясын ұстау (chromosome conformation capture – 3C) әдісінде клеткалар формальдегидпен 
өңделеді. Нәтижесінде ДНҚ-белок және ДНҚ-ДНҚ қиғаш байланыстары түзіледі. Кейін, ДНҚ оны бел-
гілі бір нуклеотидтік тізбекте ғана кесетін ферментпен (рестрикциялық нуклеаза) өңделеді. Фермент 
ДНҚ-ны “жабысқақ ұштары” бар көптеген қысқа фрагменттерге кеседі. Жабысқақ ұштарды компле-
ментарлық жұптасу негізінде бір-біріне жалғауға болады. Көрсетілген лигирлеу сатысына дейін ДНҚ 
сұйытылады және жақын орналасқан фрагменттер бірігеді. Соңында жалғанған жаңа фрагменттер 
анықталады және ПТР көмегімен саналады. ДНҚ тізбектерінің ақпаратымен бірге алынған нәтижелер 
негізінде зерттеуші хромосомалардың интерфазалық конформациясының моделін ала алады.
4.49-сурет. 
Интерфазалық хромосома ұйымдасуының моделі. Ұзындығы 50000-200000 нуклео-
тидтер жұбын құрайтын хроматин жіпшесіне конденсацияланған ДНҚ-ның қос спиралінен тұратын 
ілмекті домендерге ұйымдасқан интерфазалық хромосоманың ауданы көрсетілген. Әр жеке ілмектегі 
хроматин аз зерттелген фолдинг процесінің көмегімен әрі қарай конденсацияланады және клеткаға 
ілмектегі ДНҚ қажет болған жағдайда хроматин тарқатылады. Болжалған хромосома осінің құрылы-
мы немесе фолдингке ұшыраған хроматин жіпшесінің онымен қалай байланысатыны белгісіз. Деген-
мен, митотикалық хромосомаларда хромосомалық ілмектердің негіздері конденсиндер мен ДНҚ 
топоизомераза ІІ ферменттеріне бай келеді. 
Политендік хромосомалар хроматин құрылымын айқындау үшін өте маңызды
Келесі көрініс клеткалардың басқа қалыпты емес класынан шығады – шіркейдің поли-
тендік клеткалары (Drosophila). Көптеген организмдердегі кейбір клеткалардың түрі 
клетканың бөлінуінсіз-ақ, ДНҚ синтезінің бірнеше циклы орын алатын, қалыпсыз түр-
де өсе алады. Хромосомалар саны, қалыпты жағдайға қарағанда, көп болатын осындай 


258 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
клеткалар полиплоидты деп аталады. Шіркей дернәсілінің сілекей безінде бұл процесс 
кенеттен тыс жоғары деңгейге жетеді де, геномның жүздеген немесе мыңдаған көшір-
месі бар клеткалар түзіледі. Осыған қоса, хромосомалардың әр көшірмесі бір-біріне 
нақты белгілі бір рет бойынша жанамалап орналасады да, нәтижесінде алып политен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет