266 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
байланысты. М фазасы кезінде гендер экспрес-
сиясы тоқтайды да, хроматиннің ұйымдасуын
өзгертуге қажетті гистондарың модификацияла-
ры жүреді.
Мұндай конденсацияны когезиндер
және
конденсиндер атты екі сақина тәрізді бе-
локтар қадағалайды. Олардың әрекеті 17-тарау-
да талқыланады.
Қорытынды
Хромосомалар интерфаза кезінде конденсацияланады және олардың құрылымын ай-
қындау қиын болады. Ерекше болатын жағдайға омыртқалылар ооциттерінің шам
щеткасы тәрізді хромосомалары мен жәндіктердің алып секреторлық клеткалары-
ның политендік хромосомаларын жатқызуға болады. Осындай екі интерфазалық хро-
мосомаларға жүргізілген тәжірибелер хромосомадағы ұзын ДНҚ молекуласы хрома-
тин ілмектеріне ұйымдасқан жеке дара бірнеше домендерге бөлінетіндігін көрсетті.
Ілмектегі гендер экспрессияланған кезде, ілмек сызықты күйге ауысады да, көптеген
көмекші белоктардың байланысуына мүмкіншілік береді.
Интерфазалық хромосомалар ядроның ішінде бөлек аудандарды алып жатады.
Интерфазалық хромосоманың көпшілік бөлігін эухроматин құрайды және ол экспрес-
сияланбаған жағдайда тығыз нуклеосомаға қапталады. Дегенмен, эухроматин гете-
рохроматиннің тізбектерімен ажыратылады. Гетерохроматин көптеген әртүрлі
күйде кездеседі және олардың кейбіреулері центромера мен теломера айналасында
қалыптасады. Дегенмен, гетерохроматин хромосоманың басқа да аудандарында кез-
деседі және организмнің дамуы кезінде маңызды гендердің реттелуіне қатысады.
Ядроның іші үнемі динамикалық жағдайда болады. Гетерохроматин ядролық
қабықшаның жанында орналасады. Гендердің экспрессиясы жоғарылаған жағдайда
хроматин ілмектері хромосома аймақтарынан тыс ауданға қоныс аударады. Мұн-
дай жағдай таңдалмалы белоктар мен РНҚ концентрацияларының жоғарылауымен
байланысты жүретін биохимиялық реакциялар ядролық субкомпартменттердің қа-
тысуымен іске асатындығын көрсетеді. Субкомпартменттердің қалыптасуына қа-
тысатын компоненттер ядрошық немесе Кахаль денешіктері сияқты органеллаларға
өздігінен жинала алады.
Митоз кезінде гендер экспрессиясы тоқтайды және барлық хромосомалар жоғары
конденсацияланған күйге ие болады. Конденсация процесі хромосоманың қапталуына
көмектесетін гистондық модификациялармен қоздырылады. Бірақ мұндай процесс
кезінде хромосома ұзындығының, шамамен, он есе тығыздалуы қосымша белоктарды
қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: