Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет235/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

260 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
олардың әрқайсысының гистондық емес белоктардың әртүрлі кешендерімен ассоциа-
цияланатыны ашылды. Дәстүрлі гетерохроматинде осындай алты белок болады, соның 
ішінде гетерохроматин белогы 1 (heterochomatin protein 1 – HP1), ал гетерохроматиннің 
Polycomb түрінде де алты белогы болады, бірақ оның құрамына басқа жиынтық кіреді 
(PcG белоктары). Хроматиннің негізгі бес түрімен қатар оның сирек кездесетін басқа да 
түрі болады.
Белгілі бір локуста хроматинмен байланысқан белоктардың жиынтығы клетканың 
түрі мен даму сатысына байланысты болады. Мұндай жиынтықтағы айырмашылықтар 
әртүрлі ұлпаларда әртүрлі гендердің қолжетімділігін әртүрлі деңгейде ұсталып тұрады 
да, эмбриондық клеткаларға әртүрлі клетка түрлеріне мамандануға мүмкіншілік береді.
Хроматин ілмектері олардың құрамындағы гендер экспрессияланған кезде 
деконденсацияланады
Жәндік дамудың бір сатысынан екіншісіне өткен кезде ерекше хромосомалық пуфтар 
түзіліп, оның политендік хромосомасындағы ескі пуфтары жойылады, себебі ескі гендер 
өшіріледі де, жаңа гендер экспрессиялана бастайды (
4.52-сурет
). Әр пуфты, салысты-
рмалы түрде, кіші және жолақ паттерндері әлі айқындала алатын кезеңде зерттегенде 
барлық пуфтар жалғыз хромосомалық жолақтың деконденсациялануынан түзілетіндей 
болып көрінеді. 
4.52-сурет. 
Политендік хромосомалар пуффтеріндегі 
РНҚ синтезі. Тұщы су шіркейінің (Chironomus tentans
сілекей безінің политендік хромосомасындағы жеке 
пуффтың авторадиографиясы. Гендер экспрессиясының 
бірінші қадамында ДНҚ матрицасының негізінде РНҚ 
молекуласы синтезделетіні (1- және 6-тараулар) белгілі. 
Хромосоманың деконденсацияланған ауданында РНҚ 
синтезі жүреді және ол өсіп келе жатқан РНҚ тізбегіне 
енетін 
3
H-уридин атты алғызат РНҚ молекуласымен таң-
баланған (Jose Bonner сыпайлылығымен қолданылды).
Пуфты қалыптастыратын жеке хроматин жіпшелерін электрондық микроскоп 
арқылы көруге болады. Микроскоп арқылы олардың ілмектерін көруге болады. Ілмек-
тегі гендер экспрессияланбаған кезде ілмектер жуан болады, ал экспрессия орын алған 
жағдайда ілмек ұзарады. Электрондық микрографияда деконденсацияланған ілмектің 
екі жағында орналасқан хроматин тығыз болады және ілмек хроматин құрылымының 
ерекше функционалдық доменін құрайтын сияқты болып көрінеді. 
Адам клеткаларына жасалған зерттеулердің нәтижесінде хроматиннің фолдингтің 
жоғары деңгейіне түскен ілмектері олардағы гендер экспрессияланған кезде үлкен ау-
мақты қамтитынын болжамдауға мүмкіндік берді. Мысалы, флуоресценттік микроскоп 
көмегімен интерфазалық ядроны бақылаған кезде хромосоманың ұзындығы 0,4-2 мил-
лион нуклеотидтер жұбын құрайтын тыныш күйдегі аудандары тығыз нүктелер ретінде 
көрінеді. Дегенмен, дәл сол ДНҚ оның гендері экспрессияланған кезде көбірек ауданды 
қамтиды да, микроскоп астында ұзарған пунктирлік сызықтар түрінде көрінеді.


ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
261
Жеке хромосомаларды визуализациялайтын жаңа әдістер адам клеткасындағы ин-
терфазадағы барлық 46 хромосомасының әрқайсысы ядро ішінде өзіне тиесілі дискрет-
тік ауданда орналасатындығын, яғни олардың бір-бірімен шатаспайтындығын көрсетті 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет