256 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.47-сурет.
Шам щеткасы түріндегі хромосомалар. (A) Қосмекенділер
ооцитіндегі шам щеткасы
түріндегі хромосоманың микрографиясы. Ооциттердің ерте кезеңдегі дифференциациясында әр
хромосома мейозға бастама беру мақсатында репликацияланады және гомологты түрде реплика-
цияланған хромосомалар жұбы төрт репликацияланған ДНҚ қос спиралінен немесе хроматидтерінен
тұратын өте ұзарған құрылымды түзеді. Шам щеткасы түріндегі хромосомалар кезеңі ооциттер жаңа
организмге дамуға қажетті заттарды жинамағанша бірнеше айға немесе жылға созыла алады. (Ә)
Ұқсас хромосоманың үлкейтілген ауданы. Осы аудан ілмектердегі РНҚ синтезін көруге мүмкіншілік
беретін флуоресценттік бояумен таңбаланған (Joseph G. Gall сыпайлылығымен қолданылды).
Барлық эукариоттардың интерфазалық хромосомалары ілмектерге ұйымдасқан деп
болжалуда. Жарық микроскопының астында зерттеу үшін
мұндай ілмектер өте кіші
және нәзік болғандықтан, олардың бар болуын дәлелдеу үшін басқа әдістер қажет. Мы-
салы, заманауи ДНҚ технологияларының көмегімен интерфазалық хромосомадағы екі
локустың қандай жиілікпен бірігетінін анықтауға болады және осындай зерттеулердің
нәтижесінде ілмек құрылымының негіздерін қалыптастыратын хромосома сайттарының
кандидаттарын көруге болады (
4.48-сурет
). Осы және басқа да тәжірибелер адам хромо-
сомаларының ұзындығы әртүрлі ДНҚ ілмектеріне ұйымдасатынын болжауға мүмкіндік
береді. Қалыпты ДНҚ ілмегі 50000-нан 200000-ға дейін нуклеотидтер жұбынан тұра
ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
257
алады. Бірақ, кейбір зерттеушілердің жорамалы бойынша,
ұзындығы миллиондаған
нуклеотидтер жұбынан тұратын ДНҚ ілмектері де болуы мүмкін (
Достарыңызбен бөлісу: