Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет248/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.68-сурет
). 
4.68-сурет. 
Тышқан және адам геномдарының синтениялық аудандарының салыстырмасы. Осы 
жолмен екі геномның шамамен 90% сәйкестірілген. Ұқсас индексті тізбектер (қызыл таңбалар) реті 
бірдей болғанымен, тышқан геномында орын алған ДНҚ тізбектерінің жоғалуы немесе жойылуы 
ауданның барлық аймақтарына таралғанына назар аударыңыз. Осындай жоғалу немесе жойылу 
түрі осындай барлық аудандарға тән болады және ол тышқан геномының адам геномына қарағанда 
14%-ға кем болатынын түсіндіреді (Mouse Genome Sequencing Consortium, Nature 420: 520-562, 2002 
көзінен Macmillan Publishers Ltd. рұқсатымен қолданылды).
ДНҚ геномдарға ұзындығы, әдетте, ондаған мың нуклеотидтер жұбынан тұратын 
хромосомалық сегменттердің кездейсоқ дупликациясы немесе белсенді транспозон-
дардың жаңа көшірмелерінің ауыстырылуы арқылы енгізілді. Транспозициялық оқиға-
лардың көпшілігі дупликацияланады, себебі транспозициялық ауданның бастапқысы 
өз орнында қалады, ал оның көшірмесі басқа ауданға көшіріледі. Адам мен тышқан 
транспозондарынан алынған ДНҚ тізбектерінің салыстырылуы тізбектер енгізілуінің 
жақсы дәлелі бола алады (
4.69-сурет
).
Қазіргі таңда функционалдық тұрғыдан маңызды тізбектердің көлемі 150 миллион 
нуклеотидтер жұбы болатынын ескере отырып, барлық сүтқоректілердің геномдары 
неге, шамамен, 3 миллиард нуклеотидтер жұбынан тұратыны әлі күнге дейін құпия 
болып қалуда.


ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
275
4.69-сурет. 
Транспозондық элементтердің орналасуын көрсететін адам мен тышқан геномдарын-
дағы β-глобин гендер кластерлерінің салыстырмасы. Адам геномының осы тізбегінде бес функ-
ционалдық β-глобин тәрізді гендер (қызғылт сары) болады; салыстырылатын тышқан геномының 
ауданында ген саны төрт. Адамның Alu тізбектері жасыл шеңбермен, ал L1 тізбектері қызыл шең-
берлермен боялған. Тышқан геномында әртүрлі, бірақ ұқсас транспозондық элементтер болады: В1 
элементтері (адам геномындағы Alu тізбектеріне ұқсас) көк үшбұрышпен, ал тышқанның L1 тізбектері 
(адамның L1 тізбектеріне сәйкес) қызғылт сары үшбұрыштармен белгіленген. Глобиннің құрылымдық 
гендеріндегі транспозондық элементтердің болмауы тазартқыш селекцияға жатады және ол геннің 
функциясына кедергі бола алатын кез келген инсерцияны жойған сияқты (Ross Hardison and Webb 
Miller рұқсатымен қолданылды).
Омыртқалылар геномының өлшемі пайда болу барысындағы ДНҚ-ның 
қосылуы мен жоғалуының салыстырмалы деңгейлерін көрсетеді
Туыстастығы алшақ болатын омыртқалыларда геном көлемі әртүрлі болады және оның 
көлемі организмге немесе гендер санына әсері тимейді. Тауық геномы, шамамен, 1 
миллион нуклеотидтер жұбын құрайды және бұл көрсеткіш сүтқоректілер геномынан 
3 еседей кем. Ерекше мысал ретінде фугу (Fugu rubripes) балығын алуға болады. 
Оның геномы, шамамен, 0,4 миллиард нуклеотидтер жұбынан тұрады (көптеген басқа 
балықтардың геномында нуклеотидтер жұбының саны 1 миллиардтан астам болады) 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет