Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет247/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.67-суретте
 тышқанның әртүрлі хромосомаларының картасы адам хромосо-
маларына қалай жұптасатыны көрсетілген. Ал, адам мен тауық сияқты бір-бірінен ал-
шақ орналасқан организмдерде үзілу мен қайта жалғану оқиғалары жиірек орын алды 
және олардың синтения аудандары қысқарақ болады.
4.67-сурет. 
Адам мен тышқан хромосомаларының синтениясы. Осы диаграммада адамның хромо-
сомалар жиынтығы жоғарыда көрсетілген әр хромосоманың әр ауданы тышқан хромосомасының 
синтениялық аудандарына сай таңбаланған. Тышқанның әр хромосомасына қолданылған түрлі түсті 
таңбалану төменде көрсетілген. Секвенирлеуге қиын келетін гетерохроматинді жоғары ретті қайтал-
малы аудандар (центромералар сияқты) осы жолмен таңбалануға келмейді және олар қара түспен 
боялған (E.E. Eichler and D. Sankoff, Science 301:793-797, 2003 көзінен AAAS рұқсатымен қолданылған).


274 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Адам мен тышқанның толық геномдарын салыстыру нәтижесінде ДНҚ тізбегінің 
кіші блоктары жоғары жиілікпен геномдардан кесіліп алынғаны және геномға енгізіл-
гені анықталды. Егер біздің ататегіміздің геномы 3,2 миллард нуклеотидтер жұбынан 
тұрған болса, онда 80 миллион жыл ішінде орын алатын делециялар салдарынан 
тышқан геномының, шамамен, 45%-ы, ал адам геномының 25%-ы жоғалар еді. Деген-
мен, хромосоманың кіші дупликациясы мен транспозондық элементтердің көбеюі осы 
делецияларды қалпына келтірер еді. Нәтижесінде, біздің геномымыздың көлемі адам 
мен тышқанның ортақ ататегі болған уақыттан бері өзгеріссіз келе жатыр, ал тышқан 
геномының тізбегі, шамамен, 0,3 миллион нуклеотидтер жұбына қысқарақ келеді. 
Эволюция барысында ДНҚ тізбектерінің кіші блоктарын жоғалтудың жақсы дәлелін 
адам мен тышқан геномдарының синтения аудандарын салыстырудан алуға болады. 
Осындай салыстырулардан тышқан геномының қысқаруын айқындау қиын болмайды 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет