Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет246/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

272 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
4.65-сурет. 
Tышқан мен адамның лептин гендерінің салыстырмасы ретінде берілген экзондар 
мен интрондар эволюциясының әртүрлі деңгейлері. Жалғыз нуклеотидтік алмасу бойынша ерек-
шеленетін тізбек ауданы жасыл, ал нуклеотидтердің қосылуы немесе делециялары бойынша ерек-
шеленетін аудандар сары түспен таңбаланған. Тазартқыш селекция арқасында экзонды кодтайтын 
тізбектің консервативтілігі көршілес интрон тізбегіне қарағанда жоғарырақ болады.
Жалпылай айтқанда, дұрыс таңдалған молекулалық сағаттың, тасқа айналған орга-
низмдердің сағатына қарағанда, ажыратымдылығы жоғары болады. Молекулалық сағат 
нақтыланған филогенетикалық ағашты құрастыруға тиімдірек келеді. Мысалы, жоғары 
приматтар мен адамның нақты филогенетикалық ағашы, 1980 жылдары, молекулалық 
тізбектер туралы жеткілікті мәліметтер жиналмағанға дейін құрылмаған болатын. Ал, 
қазіргі таңда көптеген сүтқоректілердің ДНҚ тізбектері белгілі болғаннан кейін ғана 
адам мен жоғары приматтар арасындағы туыстастықты болжау мүмкін болды (
4.66-су-
рет
).
4.66-сурет. 
Қазіргі таңдағы кейбір сүтқоректілердің эволюциялық арақатынасын көрсететін фило-
генетикалық ағаш. Әр сызықтың ұзындығы тазартқыш селекция орын алмаған “бейтарап алмасулар-
дың” санына пропорционалды болады (G.M. Cooper et al., Genome Res. 15:901-913, 2005 көзінен Cold 
Spring Harbor Laboratory Press рұқсатымен қолданылды).
Адам мен тышқан хромосомаларын салыстыру геномдар құрылымдарының 
ажырауын көрсетеді
Адам, шимпанзе мен тышқан геномдарының көлемі және кодтайтын гендер саны, 
шамамен, бірдей болғанымен, адам мен шимпанзе геномдары, тышқан геномына қа-


ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
273
рағанда, жақынырақ болады. Адам мен тышқан геномдары жиналған мутациялар әсері-
нен, шамамен, 80 миллион жыл бұрын, ал адам мен шимпанзе геномдары, шамамен, 
6 миллион жыл бұрын ажырады. Кеміргіштер ататегінің молекулалық сағаты, әдетте, 
шапшаң болады және олар адам ататегінен өте тез арада ажырады. 
Адам мен шимпанзе геномдарының хромосомаларға ұйымдасуы ұқсас болғанымен, 
адам мен тышқан геномдарының ұйымдасуында айтарлықтай айырмашылықтар бар. 
Болжау бойынша тышқан мен адамның бір ататегі болған уақыттан бері, шамамен, 
180 үзілу мен қайта жалғану оқиғалары орын алды. Осы екі түрдегі хромосомалар 
саны біріне-бірі жақын болғанымен (адамның гаплоидты геномында 23 хромосома, ал 
тышқанның гаплоидты геномында 20 хромосома болады), олардың толық ұйымдасуы 
мүлдем басқаша болады. Өте жиі орын алған геномдық ауысуларға қарамастан адам 
мен тышқан геномындағы гендер реті ұқсас болатын ауқымды аудандар өте жиі кезде-
седі. Хромосомалардағы консервативті гендер ретінің тізбектері синтения ауданы деп 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет