Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет250/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.71-сурет
Хантингтин белогын 
кодтайтын адам мен фугу балығы-
ның геномдық тізбектерінің салы-
стырмасы. Екі генде (қызыл түспен 
таңбаланған) бір-біріне үйлесетін 67 
қысқа экзон бар; осы экзондар қисық 
сызықпен жалғанған. Адам гені фугу 
геніне қарағанда 7,5 есе үлкенірек 
келеді (180 000 нуклеотидтер жұбы 
24 000 нуклеотидтер жұбына қарсы). 
Ұзындықтағы айырмашылық адам 
геномындағы интрондардың ұзын-
дығына байланысты болады. Адам 
интрондарының ұзындығы ретротранспозондардың болуына байланысты (жасыл тік сызықтар); 
фугу балығының интрондарында ретротранспозондар болмайды. Адамдарда, хангтинтин геніндегі 
мутация Хантингтон ауруы атты тұқым қуалайтын нейродегенеративтік ауруды тудырады (Baxendale 
et al., Nat. Genet. 10:67-76, 1995 көзінен Macmillan Publishers Ltd. рұқсатымен қолданылды).


ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
277
4.72-сурет. 
Неандерталдықтар. (A) Хорватиядағы үңгірді көрсететін Еуропа картасы. Осы үңгірде 
неандерталдықтар геномының тізбектерін ашуда қолданылған ДНҚ-ның көзі болған сүйектер табыл-
ды. (Ә) Виндийя үңгірінің суреті. (Б) Виндийя үңгірінен табылған 38000 жылдық сүйектердің суреті. 
Соңғы зерттеулер ДНҚ тізбегінің ақпаратын өте көне адам қалдықтарынан бөліп алуда алға басты 
(
8.3-бейнефильмді
қара). (Ә, Johannes Krause рұқсатымен қолданылды; Б, R.E. Green et al., Science 
328: 710-722, 2010 көзінен AAAS рұқсатымен қайта басылып шығарылды).
Көптеген түрлердің тізбектерін салыстыру негізінде функциясы белгісіз 
консервативті ДНҚ тізбектерін анықтауға болады
ДНҚ туралы дерекқорлардағы ақпараттар зерттеушілер үшін ДНҚ бойынша қажетті 
мәліметтер іздеуге болатын бай қор көзі бола алады. Осы ақпараттар заманауи орга-
низмдердің пайда болуы мен қалыптасуының эволюциялық жолдарын зерттеуге мүм-
кіншілік береді және клеткалар мен организмдердің функциясына көрініс бере алады. 
Көптеген түрлер ДНҚ-ларының синтения блоктарын салыстырған кезде көптүрлі 
консервативті тізбектердің көптеген түрлерінің болатындығы анықталды: олардың 
кейбіреулері белокты кодтайды, ал көпшілігі кодтамайды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет