Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


тиеуші белогы іске асырады ( 5.17-сурет



Pdf көрінісі
бет279/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

тиеуші белогы іске асырады (
5.17-сурет
).
Жетекші тізегінің матрицасында ДНҚ-полимеразаның жылжуы қысқышқа байла-
нысты болады және ол ұзақ уақыт бойы ассоциацияланған күйде болады. Қалыңқы 
тізбектегі ДНҚ-полимераза да қысқышты пайдаланады, бірақ полимераза әр Оказаки 
фрагментінің 5’-ұшына жеткен кезде, ол матрицадан диссоциацияланады және басқа 
қысқышпен қосылып, келесі Оказаки фрагментінің РНҚ праймерімен байланысады.


ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
307
5.17-сурет. 
ДНҚ полимеразаны ДНҚ-мен байланыста ұстайтын реттегіш сырғу қысқышы. (A) Рентген 
сәулелік кристаллография көмегімен алынған E. coli-дің қысқыш белогының құрылысы. ДНҚ спиралі 
белоктың ДНҚ-ның айналасында қалай орналасатынын көрсету үшін қосылды (
5.3-бейнефильм
). 
(Ә) Қысқыштың (қызыл және сары суббөліктер) ДНҚ-ға қалай тиелетінін және ДНҚ полимеразаны 
молекуласын ДНҚ бойымен қалай жүргізетінін көрсететін сызбанұсқа. Қысқыш тиеушісі (күңгірт жа-
сыл) бұрандалары ДНҚ-ның ойыстарына сай келетін сомын түрінде жиналады. Тиеуші бос қысқыш 
молекуласымен байланысады да, қысқыш сақинасында ДНҚ-ның өтуіне қажетті үзілісті тудырады. 
Қысқыш тиеушісі оның сомын тәрізді құрылымының арқасында ДНҚ-ның қос тізбекті ауданын 
таниды, ДНҚ-да қысылады және матрицалық ДНҚ мен жаңадан синтезделген праймер кешенімен 
байланысады. Ол қысқышты праймердің 3’-ұшына дейін жылжытады. Праймердің 3’-ұшында тиеуші 
АТФ-ті гидролиздейді де, қысқышты босатады. Нәтижесінде қысқыш ДНҚ айналасында жабылады 
және ДНҚ полимеразасымен байланысады. Қарапайым реакцияда, қысқыш тиелген кезде қысқыш 
тиеушісі сұйықтыққа диссоциацияланады. Нағыз репликативтік айырда қысқыш тиеушісі полимера-
заға жақын орналасады және ол жаңа Оказаки фрагментінің басында жаңа қысқышты жинауға даяр 
болады (A, X.P. Kong et al., Cell 69:425-437, 1992 көзінен Elsevier рұқсатымен қолданылды; Ә, B.A. Kelch 
et al., Science 334:1675-1680, 2011 көзінен AAAS рұқсатымен қолданылды. PDB коды: 3BEP).
Репликативтік айырда орналасқан белоктар репликация машинасын құру 
мақсатында бірігеді
Біз ДНҚ репликациясының бөлек әрекет ететін белоктар жиынтығымен іске асырыла-
тынын қарастырғанбыз, бірақ белоктардың басым бөлігі ДНҚ-ны үлкен және реттелген 
мультиферменттік кешен түрінде синтездей алады. Осы кешенді, нуклеозид-трифос-
фаттар гидролизінің энергиясын пайдаланатын, кішігірім тігу машинасымен салысты-
руға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет