Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет278/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.2-бейнефильм
) (PDB коды: 1E0J).
5.15-сурет. 
Бір тізбекті ДНҚ-мен байланысатын белоктардың (single-stranded DNA-binding (SSB) 
proteins) бір тізбекті ДНҚ-ның құрылымына әсері. Әр белок молекуласы оның алдында байланысқан 
молекуланың қасына жалғануды қалайтындықтан, бір тізбекті ДНҚ-да осы белоктардың ұзын тізбегі 
түзіледі. Осындай кооперативтік байланысу арқылы матрицалық ДНҚ сызықты күйге көшіріледі және 
полимеризациялану процесі оңай өтеді. «Түйреуіш спиральдары» бір тізбекті ДНҚ аудандарының 
өз-өзіне комплимертарлы аудандардың жақындасу мен жұптасуы нәтижесінде пайда болады; олар 
РНҚ молекуласында түзілетін қалыпты қысқа спиральдарға ұқсас болады.


306 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.16-сурет. 
Адамның ДНҚ-мен байланысқан бір тізбекті ДНҚ-мен байланысатын белогы. (A) Белок-
тың тоғыз нуклеотидті қамтитын екі ДНҚ-байланыстырушы домендерінің (RPA деп аталады) алдыңғы 
көрінісі. (Ә) Соңында ДНҚ тізбегі (қызғылт сары) көрсетілген бір тізбекті ДНҚ-мен байланысатын 
белоктың үш кеңістікті құрылысы (PDB коды: 1JMC).
Сырғитын сақина жылжитын ДНҚ-полимераза ферментін ДНҚ-да ұстайды
Көмекші белоктар болмаған жағдайда ДНҚ-полимераза нуклеотидтердің тек қысқа 
тізбегін синтездеп, ДНҚ тізбегінен ажырар еді. ДНҚ молекуласынан тез арада диссо-
циациялану қасиеті ДНҚ-полимеразаға, бір Оказаки фрагментін синтездегеннен кейін, 
қысқа уақыт аралығында келесі Оказаки фрагментін синтездеу мақсатында қайта қолда-
нылу мүмкіншілігін береді. Дегенмен, тез арада диссоциациялану қасиеті полимеразаға 
ұзын тізбектерді синтездеуге кедергі тудырады. Осы диссоциацияны тежеу мақсатында 
көмекші белок (эукариоттарда PCNA деп аталады) реттегіш сырғу қысқышы қыз-
метін атқарады. Осы қысқыш полимераза ферментін ДНҚ-мен байланыстырады және 
ажырауын тежейді.
Сырғу қысқышы полимеразаның ДНҚ бойымен жылжуына кедергі тудырмай оны 
ДНҚ тізбегінде қалай ұстап тұрады? Қысқыш белоктың рентген-сәулелік диффракция-
сының көмегімен алынған үш кеңістіктік құрылымы ДНҚ қос спиралінің айналасында 
үлкен сақинаның бар екенін көрсетті. Сақинаның бір шеті ДНҚ-полимеразамен байла-
нысады, сонан кейін ол толық сақина ДНҚ тізбегін бойлай оңай сырғиды. Қысқыштың 
ДНҚ айналасында жиналуы АТФ гидролизін қажет етеді. Осы гидролизді қысқыш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет