Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет275/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.10-су-
рет
). Эукариоттарда осы праймерлер, әдетте, 10 нуклеотидтен тұрады және қалыңқы 
тізбекте әрбір 100-200 нуклеотид сайын синтезделеді. 
РНҚ-ның химиялық құрылымы 1 тарауда келтірілді, ал ол 6 тарауда талқыланатын 
болады. РНҚ-ның тізбегі ДНҚ тізбегімен жұптаса алады және ДНҚ-РНҚ гибридтік 
қос тізбек түзе алады. Дәл осы принцип бойынша РНҚ праймерлері синтезделеді. РНҚ 
праймерлерінің 3’-OH ұшы болатындықтан ол ДНҚ полимеразасымен ұзартыла алады 
да, Оказаки фрагменттеріне бастама береді. Әр Оказаки фрагментінің синтезі ДНҚ-по-
лимераза ферменті келесі фрагментпен байланысқан РНҚ праймеріне жеткен кезде 
тоқтайды. Қалыңқы тізбекте ДНҚ-ның ұзын үздіксіз тізбегін синтездеу үшін арнайы
репарациялық механизм ескі РНҚ праймерлерін жаңа ДНҚ-мен алмастырады. Кейін, 
ДНҚ-лигаза атты фермент жаңа фрагменттің 3’-ұшын келесі фрагменттің 5’- ұшымен 
байланыстырады (
5.11- 
және
 5.12-суреттер
). 


ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
303
Репликация неге жойылатын РНҚ праймерлерінің 
орнына жоюды қажет етпейтін ДНҚ праймерлерін қол-
данбайды? Өзін-өзі түзейтін полимераза тізбектерді 
de novo бастай алмайтындығы кері мағына тудырады: 
жаңа тізбекті бастайтын фермент өзін түзетуде мұқият 
бола алмайды. Сондықтан, Оказаки фрагменттерін 
синтездейтін фермент, салыстырмалы түрде, мұқият құрылмаған тізбек синтездейді 
(10
5
нуклеотидтерде 1 қате). Егер, соңғы өнімде қате мөлшері 5%-ға дейін төмендесе 
(мысалы, әр 200 нуклеотидте 10 қате), онда толық геном ауқымында барлық қате-
лердің мөлшері организмге өте қауіпті бола алады. Сонымен, ДНҚ тізбектерінің ор-
нына РНҚ праймерлерін қолдану клеткаға артықшылық береді: праймер құрамындағы 
рибонуклеотидтер (ДНҚ-РНҚ гибридтері) осы 
тізбекке «күмәнді» деген дәреже береді де, оның 
түзетілуін қоздырады. Клетканың репарациялық 
жүйесі РНҚ праймерлерін комплементарлы ДНҚ 
тізбегі бойында алмастырады да, ДНҚ-ның нақты 
қос тізбегін түзеді.
Арнайы белоктар репликативтік айыр 
алдында ДНҚ-ның қос тізбекті спиралін 
тарқатуға көмектеседі
ДНҚ синтезінің жалғасуы үшін ДНҚ-ның қос 
тізбегі репликативтік айыр алдында тарқатылу қа-
жет. Дегенмен, ДНҚ-ның қос тізбегі өте тұрақты 
құрылым және пробиркада екі ДНҚ тізбегін ажы-
рату үшін қайнаған судың температурасы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет